//

Бейбіт Ыстыбаев “Қазақстан БАРЫСЫ” атанды

815 рет қаралды
Астанада қазақ күресінен екінші мәрте өткізіліп  жатқан «Қазақстан барысы» сайысы өз мәресіне жетті.
Бас жүлдені жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев еншіледі. Оған ҚР Ұлттық банкі құйған «Алтын тайтұяқ» кубогі және Алтын белбеу тарту етілді. Оған қоса, жеңімпаз 150 мың доллар мен 6,5 млн. теңге тұратын Хюндай Соната көлігін иеленді.
Екінші орын – Күміс жүлде семейлік Шалқар Жоламановтың иелігінде. Қола жүлдені Шығыс Қазақстан облысының тағы бір өкілі Айбек Нұғымаров жеңіп алды.
Бейбіт Ыстыбаев
Лақап аты: Тараз Арланы
Туған жылы: 1985
Бойы: 193, салмағы: 135
Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек батыр ауданы
Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, 2011 жылғы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері
Бапкері: Елдос Далабай
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар