/

Физика саласында 2012 жылғы Нобель сыйлығы иегерлерінің есімдері жарияланды

983 рет қаралды
1

Биыл француз ғалымы Серж Арош және америкалық Дэвид Уайнленд кванттық механика саласындағы зерттеулері үшін осы беделді сыйлықпен марапатталады.

Болашақта ғалымдар еңбегі кванттық супер-компьютерлер жасауға негіз болады. Мароккодо 1944 жылы дүниеге келген Серж Арош Колледж де Франс оқу орнында кванттық физика кафедрасының жетекшісі. Ал, Дэвид Уайнленд АҚШ-тың стандарттар және технологиялар институтында жұмыс істейді. Нобель сыйлығы оныншы желтоқсанда Стокгольмде ұсынылады. Бүгінгі күні бұл сыйлық 10 миллион швециялық крона, яғни бір миллион екі жүз мың доллар шамасында.

Дереккөз: caspionet.kz

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Мені Нобель сыйлығын тек сол сыйлыққа лайық адамдар ғана алатыны қуантады. Неге десеңіздер, қазіргі қоғамда “бармақ басты, көз қысты” қылықтар көбейген. Түрлі жарыстарда, іс-шараларда көп жағдайда әділетсіздік орын алып, “құрметке” – мүлдем құрметтеуге тұрмайтын адамдар ие болуда. Әрине, сол “құрметке” тамыр-танысы, ақшасы мол адамдар ғана ілігуде. Ойлаймын, “құрметке” сол ие болған адам емес, сол адамның ақшасы ие болды деп. Ия, санамызды ақша билеген заман болды бұл. Ал мына Нобель сыйлығының жөні бөлек. Мұнда тамыр-таныстық, ақша билей алмайды. Тек ғаламдық ірі жаңалықтар ашқан, халыққа игілігі тиер еңбек қалдырған адамдар, және сол халық сүйіспеншілігіне бөленеген жандар ғана осы Нобель сыйлығын алады һәм үміткер болады. Мені осы ереже қуантады. Жасандылығы, көзбояушылғы жоқтығы. Француз ғалымы Серж Арош және америкалық Дэвид Уайнленд кванттық механика саласындағы зерттеулері үшін осы беделді сыйлықпен марапатталады екен. Қажырлы еңбектің әділ бағаланғаны жан семіртед екен, Мен енді Қазақстандық азаматтарымыздың Нобель сыйлығына ие болғанын күтем, шын жүректен қалаймын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі