/

«Қош бол, Күн көсем!»

741 рет қаралды
1

Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласындағы Ленин ескерткіші алынып жатыр. Енді ол қала мүлкінің тізімінен шығарылып, аукционда сатылады. Оны бұған дейін Сталиннің ескерткішін сатып алған адам алады.

Коммунистік төңкерістің «күн көсемі» Улан-Батор қаласында 1954 жылдың 26 қарашасында, Моңғолияның тәуелсіздік күні мерекесінде қойылған болатын. Моңғолдарға ескерткішті КСРО Суретшілер қоры сыйға тартқан.

«Киелі орын бос тұрмайды». Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, Лениннің орнына Моңғолияның бұрынғы үкімет басшысы Агданбуугийн (Анандын) Амарға ескерткіш және 2008 жылғы халық толқуында құрбан болғандарға монумент белгі қойылады.

Агданбуугийн (Анандын) Амар 30-шы жылдары коммунист Чойбалсанның саяси бәсекелесі болған.  Коммунистермен күресте жеңіліс тапқан Амар қамауға алынып, Мәскеуге айдалды. Ол 1941 жылы Ресейдің Омскі қаласында атылды.

Улан-Батор қаласының басшысы Эрдэнийн Батуул «Коммунистердің кесірінен әлемде 100 миллион адам құрбан болды. Ешбір соғыс мұншама адамды жалмаған жоқ» деді. Оның айтуынша, Лениннің ескерткіші ұқыппен алынып жатыр. Ескерткішті сатып алушы бұған дейін Сталиннің ескерткішін сатып алған адам. Ол коммунистердің екі «көсемін» бір-біріне қаратып орналастырып, өзара үйлесімді композиция жасамақшы екен.

«S»

serke.org

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Е, дүние кезек деген осы, бізде де әлі талай ескерткіштер құлатылатын болады…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі