/

«Жау жүрек мың бала» Oskar таңдауына ілікті

1012 рет қаралды
2

Ақан Сатаевтың тарихи драмасы «Жау жүрек мың бала» «Оскар»-дың лонг-лист номинациясы бойынша «Ең үздік шетел тіліндегі фильм» таңдауына ілікті деп хабарлайды Тengrinews.kz-сайты Oskar.org-ға сілтеме жасай отырып.

Аталған номинация бойынша сыйлыққа ие болған тағы 71 фильм бар. Оның ішінде ресейлік режиссер Карен Шахназаровтың «Ақ жолбарыс» (“Белый тигр”), Қырғызстаннан  Нұрбек Эгеннің «Иен үй»( “Пустой дом”) фильмдері бар.

Естеріңізде болса, «Жау жүрек мың бала» 2012 жылдың 3 мамырында көрерменге жол тартқан болатын. Алғашқы екі апта бойы прокат көшбасшысы болды. Көрсетілім, сондай-ақ, Францияда 17 мамыр күні Канн кинонарығы шеңберінде де көрсетілді. Әлемдік прокатқа құқықты канадалық “108 Media” компаниясы алды. Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ президенті Ермек Аманшаев алдағы уақытта  “Жаужүрек мың бала” фильмін “Алтын Глобус” пен “Оскарға” ұсыну жоспарда бар екенін мәлім еткен болатын.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Бұл біздің мемлекетіміз үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің кино саласы ақсаңдап келеді. Ешқандай киномыз шетелдіктер тамсанып көретіндей дәрежеге жетпеді. Улап-шулап жүріп, 40 миллион долларға түсірілген “Көшпенділер” фильміміз үмітті ақтамады. Абылайхан рөлінде шетелдік актер Куно Беккер ойнап, масқарамызды шығарғаны әлі есімізде. “Жаужүрек мың бала” “Оскар” сыйлығына үміткер ретінде тіркеліпті. Біз осымен мақтануымыз керек. Алда әлң талай “Жаужүрек мың баладан” асар фильмдер түсіріліп, Оскар жүлдесін ала берсін деймін. Қазақстандық режиссерлерге бұл фильм стимул болды. Енді олар өз ісіне Ақан Сатаев секілді немқұрайлы қарамаса жақсы фильмдер түсірілетіне бек сенімдімін!

  2. Сәлеметсіз бе! Абылайханның ойымен толықтай келісемін.Қазақ халқының тарихы,салт-дәстүрі осы кинода көрсетілген.Оскар таңдауына ілінген осы кино арқылы біздің еліміз күллі әлемге танылса деймін.Алла қаласа, әлі де қазақ режиссерлері сапалы фильмдер түсіреді деген ойдамын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі