/

Бас прокуратура Facebook, Twitter және LiveJournal-ға қатысты жауап берді

1219 рет қаралды
1

Қазақстан Прокуратурасы Facebook, Twitter және LiveJournal интернет-порталдарына қатысты сотқа арызбен жүгінгендігі жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды және ашық арандатушылық сипатта жасалған.

Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Алматы қаласының прокуратурасы берген арызда тек «Республика», «Взгляд», «Стан ТВ» бейнепорталы мен «К+» телеарнасын экстремистік деп тану және олардың Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу талабы жөнінде айтылған», – деді ол.

«Ақпарат құралдарында айтылған танымал әлеуметтік желілер аталмыш арыз бойынша жауапкер болып табылмайды, сөз тек Google, Facebook, Twitter және LiveJournal сайттарында «Республика» мен «Взгляд» ресурстарын қайталайтын жеке және белгілі бір парақшалар мен блогтар жөнінде болып отыр. Егер аталмыш басылымдардың таралуына тыйым салатын сот шешімі шығатын болса, онда жоғарыда аталған интернет-порталдардың әкімшілігі алдында, толық порталды емес, нақты парақшаларды жауып тастау жөнінде сауал қойылады», – деп атап өтті Н.Сүйіндіков.

Ресми өкілдің атап өткеніндей, арыздар «Республика», «Взгляд» басылымдарына, «Стан ТВ» бейнепорталына және «К+» телеарнасына қатысты берілді.

inform.kz

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ту — тек мата емес, тағдыр

Фото: sports24.kz Өткен аптада ел журналистері мен әлеуметтік желідегі белсенділер Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның

Олимпиадаға бір ай қалды

Фото: t.me/olympickz Италияның Милан және Кортина д’Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура бір