/

Челах ісі: Зардап шеккен тарап Челахтың сотқа қатысуын талап етті

467 рет қаралды

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі қанды қылмыс бойынша өтіп жатқан сот процесі бүгін тағы да басты айыпталушы – Владислав Челахтың қатысуынсыз өтетіні белгілі болған соң, зардап шегуші тарап оның сотқа қатысуын талап етті, – деп хабарлайды Талдықорғаннан BNews.kz тілшісі 

Соттың алғашқы бірнеше минутында баспасөз орталығындағы техникадан ақау байқалып, сот отырысында айтылған мәселелер беймәлім болған еді.

Сот отырысынан шығып журналистерге мән-жайды түсіндірген қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Шикетаева сот отырысында зардап шегуші тарап Челахтың сотқа қатысуын талап етті деп хабарлады.

«Қаза болған сарбаздардың бірінің анасы Челахтың сот отырысына қатысуын және олардың сұрақтарына жауап беруін талап етті. Судья Челахтың сотқа қатысудан бас тартып отырғанын және ол оның құқығы екенін түсіндірді», – деді баспасөз қызметтің өкілі.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
BNews.kz
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі