Челахтың адвокатына «Сорос» Қоры ақша төлейтін

525 рет қаралды
1

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сот процесінің бүгінгі отырысы сыртында журналистерге берген сұхбатында Владислав Челахтың анасы адвокаттың қызметіне «Сорос» қоры қаржылай қолдау көрсететінін жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Адвокаттың қызметіне ақы төлеу үшін Челах отбасына ақшалай көмек көрсету жағын қарастырып жатқан Қазақстандағы Адам құқықтары және заңның сақталуын қадағалау жөніндегі халықаралық бюро мен «Сорос» Қоры арасындағы келіссөздер жайлы сөз қозғаған журналистердің сұрағына Светлана Ващенко: «Маған қор директорының өзі телефон соғып, қазір келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады. Дүйсенбі, сейсенбі күндері бәрі шешіліп, адвокаттың Жоғарғы сотқа дейінгі қызметі төленетінін айтты», – деді.

Сондай-ақ оның айтуынша, ақшадан қысыла бастағаннан кейін зейнет жасына қарамастан Владтың атасы да жұмысқа орналасқан.

« Владтың атасы ақшадан қысыла бастаған соң жұмысқа орналасты, бірнеше күнге сұранып кетті. Келесі апта келеді», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынырақ бірнеше ақпарт көзі «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қылмысты жасады деп айыпталып отырған Владислав Челахтың атасы немересінің қорғаушысы Серік Сәрсеновке төлейтін қаламақының (15 мың доллар – агенттік) жартысы табылмай отыр деген жаңалық таратқан болатын.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
 BNews.kz
Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Іс үстіне іс болды-ау. Дұрыс шешімді қабылдайды деген үміттемін

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі