//

Төртем үшін балабақшаға 90 мың теңге төленеді

3243 рет қаралды
11

Бұл Есентай Қапардың отбасында дүниеге келген  – төртем. Естеріңізде болса, 2010 жылы 9 наурызда  бүкіл қазақ ақпарат құралдары қазақ үшін өте сирек құбылыс, төртемнің Алматыда дүниеге келгенін жарыса жазған болатын. Бүгінде төртеуі – 2 жас 9 айға толды.

Есентай Қапардың отбасы бұл сәбилерден кейін, тағы бір Наргиз атты бүлдіршінді болған.

Жас отбасына Алматы қалалық әкімшілігі Айнабұлақ ықшам ауданынан 3 бөлмелі пәтерді жалға берген болатын. Одан өзге оларға көрсетілген көмек жоқтың қасы.

Төртемдердің әкесі – Есентай Қапар қазір Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінде еркін күрестен оқытушы жаттықтырушы және Алматы қалалық Спорт басқармасына қарасты Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы қызметтерін атқарады. Қазіргі отбасының негізгі табысы – отағасы Есентай Қапардың екі жерде істеп табатын 120 мың теңгесі мен көп балалы отбасы үшін төленетін 6600 теңге. Ал шығындарын есептер болсақ, төрт балаға балабақша үшін айына 92276 теңге, үйдің коммуналдық шығындарының сыртында жал ақысы ретінде 4599 теңге төлейді екен.

Жас отбасы балалардың бала-бақша төлемдеріне көмектесуін өтініп, Алматы қалалық білім басқармасына өтініші жазған екен. Олар оның мүмкін емес екендігін айтып, жауап хат жолдапты. Төменде сол хаттың мәтінін жолдап отырмыз.

Ал, мынау олардың бала-бақша үшін қазан айына төлеген түбіртегі. 94 мың теңге!

Анасы – Назымгүл Қуанған бесінші сәбидің бағым-күтімі үшін үйде отыр. Балалар бір жасқа толғанға дейін олардың әрқайсысына 7-8 мың теңгеден жәрдемақы төленсе, Наргиз 1 жасқа толғанға дейін айына бар-жоғы 10-11 мың теңге жәрдемақы төленген. Жетісу аудандық әкімшілігі балалардың бағым-күтіміне күтуші бөліп беру туралы олардың өтінішіне құлақ аспаған. Қазір көп балалаы отбасы ретінде, айына 6600 теңге жәрдемақы алады екен.

“Мінбер-ақпарат”.

Парақшамызға жазылыңыз

11 Comments

  1. Төртемі Алматының тұрған гүлдеп,
    Түртеді бірін-бірі жылдам жүр деп.
    Бақшаға бара жатыр ән сап мұңлы,
    Алаштың ансамблі – Нұржангүлбек.

    …Нарықтың тастап қоймай базарына,
    Үкімет неге алмайды назарына?
    Төртеуі ән салады арқау етіп,
    Тойғанын, тойғанында ғазалына…

  2. Қазақтың жаны мен санын көбейту керек деп күнде эфирден түспейтін білгіштер, шешендер қайда кеткен? Енді осындай дүниені шешіп бермей ме, сол сөздерін ісімен дәлелдеп.

  3. Тым өкінішті. Баяғыда осы отбасыға баспана беріледі. Жатпай тұрмай көмек жасаймыз деп еді…

  4. Кейпіміз осы. Осыны көрген жастар бала санын көбейту мәселесін тағы ойластыра бастайтын болады.

  5. “Бір қой егіз туса, бір жусанның басы айыр шығады” деген мақал бұл заманға келмейтін сияқты ғой.

  6. Қызыл май болғандар үшін мың-мыңдап ақша шашамыз. Ал мынадай жағдайға құлақты тас бітеп дүлей, соқыр болып қалатынымыз неден?

  7. әзір қолымда ештеңе жоқ болып тұр, барым болса берер едім, кешір

  8. Жылқышы баласы дұрыс айтады, қосыламын. Олимпиадада алтын алды, күміс алды деп алды 500 000 мың доллордан лақтырды. Сол бес жүз мыңның елу мыңын-ақ осы балаларға берсе кәмлетке толғанша еш нәрседен қысылмай өмір сүреді екен. Әй, үкімет-ай, өзіңе-өзің тас болып тұрсың ғой, ағалар!!!!!!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі