/

Владимир Козловтың апелляциясы қанағаттандырылмады

809 рет қаралды
1

Ақтау қаласының облыстық сотында бүгін «Алға!» тіркелмеген партиясының көшбасшысы Владимир Козловтың апелляциясы қаралып, қанағаттандырусыз қалдырылды. «Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының 19 қарашадағы қаулысымен қалалық соттың ағымдағы жылдың 8 қазанында Владимир Козловқа қатысты өкімі өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушы Козлов және оның қорғаушыларының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гауһар Нұрханова.

«Алға!» тіркелмеген оппозициялық партияның көшбасшысы Владимир Козлов сот шешімімен өткен жылдың желтоқсанында Жаңаөзен қаласында орын алған тәртіпсіздікте айыпты деп танылып, жалпы режимдегі колонияда жеті жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол ҚР ҚК-нің 164 бабының 3 бөлімі, 170 бабының 2 бөлімі және 235 бабының 1 бөлімімен қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты болып танылды.

Сот өкіміне сәйкес, оның Орал қаласындағы үш жер учаскесі мен екі көлігі, сондай-ақ Қазақстанның 13 қаласындағы пәтерлері тәркіленді. Бұдан басқа, Владимир Козловтан Алматыда оның көлігін тексеру кезінде табылған 9,5 мың доллар, және «Алға!» тіркелмеген партиясының кеңсесінде табылған 2 мың доллар тәркіленді.

Төраға етуші судья Гафур Шаров В.Козловтың сот отырысына келуін міндетті емес деп есептеді. Отырысқа оның қорғаушылары Венера Сәрсембина мен Александр Плугов, туыстары және әріптестері келді. Бұдан басқа, Норвегия, АҚШ және Украинадан келген байқаушылар болды.

ҚазАқпарат

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі