//

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жұмыс сапарымен Мәскеуге келді

552 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге келді.

Сапар барысында Елбасының 19 желтоқсан күні Кремльде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) сессиясына, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырыстарына қатысуы жоспарланған.

Сондай-ақ Мәскеуге Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттері келеді. ҰҚШҰ ҰҚК-нің сессиясы барысында тараптар халықаралық және өңірлік өзекті проблемаларды, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды, ұйымға мүше-мемлекеттердің өзара әрекеттестігі мәселелерін талқылайды. ЕурАзЭҚ саммитінің аясында бірлестікті одан әрі қайта құрылымдау және оның қызметін Кедендік одақ (КО) пен Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) шеңберінде ықпалдасудың жаңа жағдайларына бейімдеу мәселелері, сондай-ақ қауымдастық органдарын қаржыландыру сұрақтары талқыланатын болады. Онымен қоса, КО мен БЭК-тің жоғарғы органы – Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында үш елдің басшылары қатысушы-мемлекеттердің 2015 жылдың басына қарай Еуразия экономикалық одағын құруға бағытталған интеграциялық өзара әрекеттестігін дамыту және тереңдете түсу мәселелерін талқылайды, сондай-ақ бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылатын болады.

“ҚазАқпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі