//

«Қазақ тілін латын алфавитіне көшіру – ішкі қажеттілік»

942 рет қаралды
3

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсырды. Сол басқосуда мемлекет басшысы келешекте қазақ тілін латын алфавитіне көшіру отандық мәдениетті дамытуға орасан септігін тигізетінін атап өтті.
– Бұл үдеріс жақсы дайындықпен және ойластырылып жүргізілуі қажет. Осы орайда, XX ғасырда кириллица алфавиті негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент бұл жаңарулар біздің шетелдік серіктестеріміздің назарын аударып отырғанына тоқталып өтті.

– Кейбіреулер бұдан Қазақстанның геосаяси артықшылығының өзгеру «айғағын» көргендей болғаны мүлде негізсіз. Оған еш негіз жоқ. Бұл туралы мынаны айта аламын. Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Қараңғы бөлмеден қара мысық іздеудің қажеті жоқ, оның үстіне, ол онда ешқашан болмаған. 20-40-шы жылдары латын әрпі қолданылғанын еске салып өтпекпін. Бұрынғы КСРО-ның одақтас он бес республикалары ішінен одақтың тарауына дейін үшеуінде ұлттық тіл латын тілі болып келген. Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуына келсек – бұл біздің принципті таңдауымыз. Біз дұрыс бағытта алға жылжып келеміз деп есептеймін, экономикалық интеграция бүкіл әлемнің міндеті болып саналады. Біздің дамып келе жатқан экономикамыз жаңа нарықты талап етеді, сондықтан біз саяси емес, экономикалық интеграцияға қадам басып келеміз. Елдің саяси егемендігі мәселесі талқыланбайды, – деді Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Қазақпараттан

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. КЕЛЕГЕ САЛАР КЕЛЕЛІ ІС ӘЛІПБИ ЖӘЙЛІ

    Мен қытай халық респұбликасының Шин Жиаң ұйғыр автономиялы өлкесі Үшбүкент қаласының зейнеткерімін . өмірім қытай мен қазақ тілдерін зерттеумен өтті . қазақ тілі жәйлі , аударма жәйлі , бір сыпыра еңбектер жазып , қазақ тілін Кәдеге жарату жодында бір кісідей тырыстым . қазір аударма кәсібінен Аға аудармашы деген кәсіби атағым бар . шин жиаң жазушылар одағының , аудармашылар одағының мүшесімін . соңғы жылдары қытай қазақтарының латын әліпбиіне қайта көшу ынтасына қарай , қытай қазақтарының арасында көлемді ауқым қалыптастыруға түрткі болатын мақалалар жазып , көмпютер тақтасындағы латын әліпбиі негізіндегі қазақ әліпбилерінің Қытай қазақтарына арналған нұсқасын ұсынған жәйім бар . бұл әрине кәсіптестерім арасында қолдау тапқанымен , лажысыздықтың ләждауы ғана еді , отанымыз егемендік алғаннан кейін , тіліміздің тірілер жері-Көсегі көгерер жеріне 12 жыл талпынып жүріп , ақыры 2005жылы Қыркүйек айында , балаларымды толық қанды қазақ қылыйын деп тарихи отанымызға зорға жеткен жайым бар.
    Дүниенің 30дан астам еліне торғайдай тозған қазақ баласына , ұлттың тұтастығы мен тілінің бір ыңғайлығына ұйтқы боларлық жазу таңбаларын бір ізге түсіріп беру ол тек Қазақстанның төл еншісіндегі ұлағатты да , ұзаққа соза бермей тындыратын стратегиялық борышы деп білемін . бүгінгі таңда тіліміздің бөгделенуіне , сондай-ақ екі елге Алпауыттардың арам нйетімен , амалсыз екіге айырылған екі ел қазақтарының тіліне қатысты кейбір жағдайлар мен жағдайаттарға тоқтала кетуді жөн көріп отырмын.
    Қазақ әліпбилері жасаған ортамызға , өзге ұлттармен болған байланысымызға , сондай-ақ , өзіміздің түрлі қажетімізге қарай дөңгеленіп отырғаны бәрімізге аян . әу баста 27 ден 29 ға , 29 дан 31 ге тұрақтанғанын да еске түсіре аламыз . әрине , әліпби санының біртіндеп көбейуі тіліміздің даму заңдылығының , ғалымдар зерттеуінің даусыз жемісі . егер іргелі елдердің Егей ұлттары сяқты өзге тілдерді өзімізге мойын ұсындыра сөйлейтін болсақ , яғыный қазақиландыруды Тубаста « Тапжылмас тұғыр » еткен болсақ , онда осы 31 харіп те сусынымызды қандырған болар еді . алайда жаһандану қазақ сахарасына ғасыр бұрын қадам тастады да , жаман түйенің жабуынша жалбаңдауды да ғасыр бұрын бастап кеттік . қытай қазақтары 37 харыпты қолданысқа салса , Қазақстанда 42 харіп қолданысқа түсті . жылдар жылжып өте келе өзгелердің өң әлпетіне жаутақтай қарап , орынсыз Төрге шығарған бұл әліпбилер өзіміздің біртіндеп бөгделенуімізге , жан дүниеміздің жансарлап салдануына байланысты , өздерінің харіптік әуселесін де көрсете бастады . ақыр-айағы тіліміздің меншікті сарыны мен сазында жоқ бөгде әуендер мен ырғақтарды тілімізге сіңірумен тынды . басқа елдердегі қазақтарды былай қойғанда , көрші екі елдегі қазақтардың тіл мәдениетінде , дыбыстауында , сөйлесу жақтарында , айқын айырмашылықтар орын тепті . қытай қазақтары терминдерді ләжісіз болғанда ғана ағылшын тілінен қабылдап , қазақ граматикасының ережесі бойынша оқуды оң көрсе , Ал ата жұртта негізінен орыс тілінен қабылдауды , сондай ақ өлшемді орыс тілімен жеткізуді дағдыға айналдырған . яғыни бір қазаққа екі түрлі ереже жұмыс істеген . мәлім тұрғыдан алғанда бұл шыбар тілді шала қазақ қалыптаструдың шарасы ғана еді . сондықтан дүниедегі бар қазаққа ортақ бір ғана жазу таңбаларын жасау , атауларды аудару , қабылдаудың шыт жаңа жолдарын тұрақтандыру — өркениетті де жаңа қазақты дүниеге қайта әкелудің бірден бір жолы екені риял мәселе . бұларды бір ізге түсіру – тек ел басымыздың күшті ұйтқылығында , парламентіміздің баянды да өнімді заңдар шығаруында , үкіметіміздің дана сайасаттар мен пәрменді шаралар қолдануында , партялар мен қоғамдық ұйымдардың жұдырықтай жұмылып , ортақ күш шығаруында , әсіресе , тұтас ел халқының ел билігіне айрандай ұйып , жабал ат салысуында жатса керек .
    Құй қытайда болсын , әлде қазақстанда болсын , өткен күндерде тұтас қазақ ұлты өзінің қалай сөйлеп , қалай дыбыстауынан гөрі , Аға ұлттар мен айтылмыс Ұлы халық тілдерін қалай сөйлеп қалай дыбыстауға көбірек бас қатырғаны , бар ыхыласын бергені айдан анық ақиқат . өзгені өр санау , өзін көр санаудан өрбіп – өнген азғындық – тұтас қазақ ұлты арасында тамырын кең жәйды да , заман ағымын сәл бұрын игерген аға ұлт , ұлы халықтың солбір қарапайым тілін алақанға салып ардақтаудан артық ештеңе таппай қалғанымыз мұның ашық дәлелі . әрине , бұл өтіп кеткен өксікті өміріміздің ашты зардабы болсын делік , егемендік алған 20 жылдан бері , қазақтың басқа ұрып санауға болатын әліпбилерін күні бүгінге дейін дұрыстап дыбыстай алмай , Ң ды орыстың Н сы бойынша дыбыстап , шатасып жүрген мықтыларымыз қаншама . күңіренген күйзеліс осыдан артық боларма . әрине , қиқуы көп , қыспағы мол сол жылдарда қытай қазақтарының тіліне солақай саясаттың сойылын соғатын , құдықтағы құрбақа сяқты сотқарлар лаң салмай қоймады . белдіге бейім белсенділердің бел шеше кірісумен , орынсыз қабылданған сөздер мен атаулар , қазақ тілінің шырқын кетіргенді , бұл жәйт көп ұзамай-ақ қазақтың тілі шолақ , ата-бабаларында тіл-жазуы болмаған , сондықтан ғылыми атауларды қазақ тілімен бейнелеуге,аударуға болмайды дейтін ора шолақ нысайлар мен көзқарастар үстем орынға шықты да , мағдыры таусылған , сорлы қазақтың соқа басына әңгір таяқ болып, кез-келген жерде тие бастады . тек осындай хал ішінде ғана намысын бермеуге тырысқан аз ғана қытай қазақтары Латын харпы негізіндегі әліпбиін күшінен қалдырып , ата-бабаларымыз малданған Араб харпы негізіндегі төте жазуды қайта қолданысқа салуға мажбүр болды . Қазақ зияллары да қытай елінің саяси жолтанабындағы оңалушылықтан ұтымды пайдаланып , қазақ тіліндегі ала-құлалықты жөнге салуға жедел кірісті . қазақ тілінің шырқын кетірген отарлаушыларды , ендірмелерді аластаудан бастады . тіпті төркіні бір жерден табысып қалып отыратын ұйғыр ұлтынан кіріп кеткен сөздерді де мекеніне қайтарды . қазақ тілі бай тіл екендігі бірден аңғарылды . атау терминдерді аударып алуға болады көзқарасы қайтадан битекшеге көтеріліп , атау терминдерді аударғанда ең алдымен қазақ тілінен толық қарастыру , аударып , қазбалап , таппағанда туысқан түркі халықтарының тілінен алыу , ләжісіз болғанда ғана ағылшын , қытай тілінен төте қарыздап алыу деген тамаша пренсиптер белгіленді . қытай қазақтарының бұл талпыныстарының нәтижесіне көз жеткізген тіліміздің жанкешті жоқтаушысы – Мұқтар Шақанов ағамыз қаймағы бұзылмаған қазақ тілі қытай қазақтарында деген рыизалы баға берді . бұл жерде мен бұны қытай қазақтарының мықтылығы дегеннен гөрі , 33 харіптің құдіретті үлесі дегім келеді . деседе бұған марсыйудың жөні жоқ сяқты . соңғы 20 неше жылдың ішіндегі қытай реформасының ауқым ала түсуі , нарық қадамының жеделдеуімен қазақ мектептерінің күрт азайыуы Ұлтжанды азаматтарды сары уайымға салмай қоймайды . сондықтан , ебін тауып ес жыйу , орайын тауып опыру , өзегін тауып өркендеу — тұтас қазақ баласының бұлтармас әрі қасйетті міндеті сяқты . осыларды ойлай отырып , өзім аңғарған қытай қазақтарымен отан қазақтарында бірдей қордаланған , кезінде ескерілсе де елеулі мәселеге жатқызылмаған , өзге ұлыт үшін де , өзіміз үшінде , бастысы өзіміз үшін риал маңыз алатын ЕКІ ДЫБЫСТЫҢ басын аша кетуді жөн көріп отырмын .ійін қандырып пысыра жатарсыздар .
    Қазақ тіліндегі Ш фонемасы мен Ж фонемасы сөз басында тұрып дыбысталғанда , тіл тіс түбіне тиіп дем недәуір күшті шығатыны баршамызға аян . қазақтың “Ш” фонемасы орыс пен қытайдың Ч , СН фонемасымен ұқсас дыбысталғанымен , бірақ біздің Ж дыбысымыз олардың Ж ZH фонемаларынан айқын парықталады . әсіресе орыстың Ж фонемасындай сүзіліңкі қайырылмайды . Алайда , тіліміздегі бұл екі фонеманың екеуі де дауысты дыбыстарымыздан кейін келгенде , тіл таңдайға жанасалай тиіп екуі де сүзіліңкі дыбысталады . яғни орысша Ш Ж фонемасымен ұқсас дыбысталады . қазақ ұлтын былай қойғанда , басқа түрік тілдес ұлттардың тілінде де Ш Ж фонемаларының сүзіліңкі вариянтын өздерінің меншікті тіл дыбыстарының қатарына енгізген . өкінерлігі мейлі қытайда болсын , әлде өз отанымызда болсын, сүзіліңкі қайырылатын бұл екі дыбыс санатқа қосылмағандықтан , бірге жасасқан кей ұлыттардың тілін жазғанда , немесе дыбыстағанда , дәлдік дәрежесі көңіл көншітпей жүр . Ал сабақ болары сол , отандағы орыс тілді қандастар бұл екі дыбысымызды қатаң қайыра алмай , айна қатесіз орысша Ш Ж бойынша дыбыстап , ана тіліміздің әу бастағы сарынымен сазын бұзуға себепкер болуда . ісжүзінде тілімізде қатты қайырылатын бұл екі дыбысымыздың сүзіліңкі варянтын кезінде санатқа қоспағанымыз болмаса , ауыз екі тілімізде ежелден сақталып келгені ақйқат . яғыни бұл Қ дыбысымен К дыбысының дауысты дыбыстардың қақ ортасында келіп , не Ғ ға , не Г ге , мысалы , жоқ , ЖОҒАЛ , көк КӨГЕР болып аунағаны сияқты заңды тіл құбылысы болатын . сондықтан ендігі жерде ол Екеуін мойындамай , жазылым мен айтылым арасындағы парық ғана деп елеусіз қалдыру , тіл-жазу қимылдарымызға қиғаш деп білемін . солүшін тіліміздегі , Шаншу , Шамшырақ , Шешу , Шөміш , Жоқ-жітік, Жекпе-жек, Қажыу, Ожау, Мұқтаж, т.б сөздер “Чанчу, Чамчырақ, Чешу , Чөміш , Қажу ,(сөзаралығындағы Ж орысша қайырылады) Ожау , Мұқтаж”болып жазылып , айтылумен бірдейлігін сақтауға тиіс . сонда ғана өз тілімізді дұрыс жазып , дұрыс дыбыстап қалмастан , ағылшын , орыс , қытай және басқа ұлттардың тілімізге жасаған ықпалымен , сарынын тілімізден арылтуға мумкундік жасалады . сондай-ақ , орыс , қытай, түрік текті ұлттардың тіліндегі осы дыбысты да дұрыс жазып , қаз – қалпынша дыбыстаған болар едік . сөзіміз дәлелді болу үшін , өз тілімізбен өзге тілдерден мисал алып үңіліп көрейік ; Чаруашылық , Чәшәу ,Чымчу ,Чымчық ,Чақ , Шах , Жау-жапырақ , Құжынау , қажы , (сөз аралығындағы Ж сүзіліңкі қайырылады)жорнал , бюжет , ШаңЧаң , ЧаңШан , ЖаңЧың , ЧинШыХуаң , Чаруачіліқ ,Чақ-чақ ,Чіш ,Чашлық ,Ішчі , Ташчі , бұл мисалдарды ортаға салып көрсету арқылы , біз өз тілімізді ӨЗІМІЗШЕ өзге тілдерді ӨЗДЕРІНШЕ жазуға және сөйлеуге болатындығын айқын аңғара аламыз . сол үшін , біз ауыз- екі тілімізде жыйы ұшырайтын сүзіліңкі Ш мен Ж фонемасын тіл даму заңдылығының төл жемісі ретінде қарап , ендігі әліпбиіміздің қатарынан орын беруіміз әбден орынды деп қараймын . Әрине тіл егемендігін ой арқауы етіп отырғанда көкейіміздің түкпірінде , көзіміздің алдында алып тұғырдай мызғымай тұратын мына жәйітті қай уақытта да ұмытпауымыз керек . үйткені , дүниедегі әр қандай бір ықпалды ұлыт , басқа тілдерді дұрыс айтып , дұрыс жазу мақсатына бола , өз тілінің даму заңдылығына симайтын бірде – бір бөгде дыбысты қабылдай салған емес .Тек біз ғана өздерінше сөйлеуді таңдаулы дәстүрге айналдырып , жақсылығын да жаманшылығында көріп отырған жәйіміз бар . бірақ , жоғардағы екі фонеманы әліпбиімізге қабылдаудан ұтарымыз— өз тілімізді өзімізше , өзге тілдерді өздерінше , өзгелерді өзімізше сөйлету болмақ.
    Бүгінгі таңда ,ел іргесі бекемделіп келеді , економика жандануда . кешегі қара табан қойшы , егемен еліміздің еңсесі биік қожасына айналуда , еліміздің дербес елдер қатарынан көк байрағын желбіреткеніне де табаны күректей 20 жылдың жүзі болып кетті . Аға ұлыттарға Ұлы халықтарға жалбырақтай беретін , жапақтай беретін күндер алыстап барады .енді тіл – жазуымызды жөнге салғанымыз , тұтас қазақ баласын жаңа жазулармен қайта матағанымыз , оңға бастыратын Нұрлы Жол екені даусыз. Бірақ, сабыр түбі сары алтын деп тағы 10 неше жыл сарылуымыз зымыран заманымыздың талабына сай келе қойматын сяқты , ұшпақ болсаң зымыра , асықсаң жақсылыққа асық деген аталы сөздер ұтатын кезде ұмтылмасаң ұтыласың дегеннен дерек бергендей , осыларды ойлай отырып , қытай қазақтары мен отанымыздың тілдік орталарын , сондайақ тұтас қазақ баласы қоныстанған елдерді Көздей отырып , қазақ әліпбиінің санын 35 ке тұрақтандыруға болады деген қарасымды ел ағаларына ұсынғым келді . әліпбилер әрине аға буын ғалымдарымыздың ашып салған жүлгесімен болған болса да ,бірлі-жарым өзгерістерді дүниеге әкелу 5—6 жылымды жегендей болды .бұл 35 харіптің ішінде жоғарда айтылған сүзіліңкі Ш Ж сынды екі фонема мен орыс қытай ағылшын және арап тілдерін дұрыс айтып дұрыс жазу үшін қабылдаған 4 хәріпте қамтылып отыр , олар мыналар .

    Аа Оо Uu Ee Mm Bb Pp

    Әә Өө Üü Ee Іі Dd Tt

    Ңh Гğ Kk Gg Yy Jj Qq

    Ss Zz Ww Rr Иm Ll Nn

    Xx Žž x Hh Vv Ff Cc

    Бұлардың оқыдуы мынадай: а, о, ұ, ы, ем, бе, пе;
    Ә, ө , ү , е , і , де, те;
    Қа, ға, ке, ге, іи, же, че;
    Ес, зей, ыу, ар, ың,ел,не;
    Еш, еж, іһ, ха, вей, еф, це;
    Әліпбилердің осылай орналасуына,егемен еліміз халқының өз өзіне қожа болу рухы бастан аяқ алтын желі болып тартылды, бұрынғы әліпбилеріміздің , сондай ақ көмпютердегі хәріптердің реті бұзылды . алайда латын харіптерінің таңбалары тегіс алынып қалмастан , халқарада ықпалды ұлыттар қолданысқа салып отырған негізгі дыбыс әуені сақталды . қазақша ән-әуенге салып жаттауға ыңғайлы болу үшін , 35 хәріп 5 қатарға тізілді де , әр харіптің соңғы дыбыстары өздерінің меншікті есімдері бойынша ұйқас алды . қол байлауыштарды азайту , жазыу қарқынын тездету , сөз-сөйлемдердің қағаздағы сыйымдылығын жоғарлату мақсатымен CH ZH SH сяқты қос харіптен тұратын дыбыстар ойдан аулақ болды . тыңнан жасалған санаулы дыбыстарға , датын әліпбиіндегі дыбыстармен дыбыстық және пішіндік жақындығын сақтау үшін , лайықты тәжі-кепеш , тұйақ – сыйрақ ғана беріліп ажыратылды . айталық : Hh Ңh Hg Ee Ee Uu Uu Zz Zz x Иm сяқтылар . бұлардың жазбаша нұсқасы да осы тектес өзгертулермен тәмәмдалды . қазақ тілінің заңдылығы бойынша әрбір харіптер өздерінің еріндік , езулік , таңдайлық , мұрындық , қасиетіне , сондай-ақ , дыбыстық жақындығына қарай жәйғасты . Ал , жалпы тұлғалық жақтан айтқанда , Әр әліпби , өзінің қазақ сөз қорын жасаудағы Үлесінің аз-көбіне, сөз- сөйлем арасындағы көрінімшеңдігінің топанына қарай орналасты . Айталық : қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар сөз жасауда өте белсенді болғандықтан , Олар тұтас әліпбилердің алдынғы қатарынан орын алды . егер көмпютер тақтасына да осылай жайғасар болса , Шү дегенде , баспагерлерге , сондай-ақ , көмпютер тұтынушыларына қолайлылық әкелері шүбәсіз . кезінде қазақстан және қытай қазақтары ортақ қолданысқа салған бірлі-жарым таңбалар күшінен қалды . себебі : оның орнына екі ел қазағына көз-үйір , көрнісі көркем таңбалар алынды . Әліпббилердің дыбыстық Жақындығы мен Пішіндік нобайластығы өз-ара ұштастырылды . әрі сол бойынша бір-бірімен іргелес тізілді . жаңадан жасалған санаулы әліпбилерді жасау барысында , тұтас қазақ баласы қоныстанған мемілекеттердің жазу таңбалары ескеріліп , жалпыластыруға қолайлы болу ,көрер көзге көркем болу ,жазуға жылдам болу жақтары назарда болды . шет елде қоныстанған қандастарымызбен бөгде ұлыттардың тілімізді тезірек игеруіне , Әліпбилерді олардың Пішіндік қарайластығына , сондай-ақ , кепеш- айдарларына , тұяқ-сыйрақтарына қарай оңай ажыратуына да белгілі шарттар әзірленді . тілімізде Бас харіп болып сөз жасай алмайтын Ң нан басқа әліпбилер жалпы әліпбилердің соңына тізілді . онан соң ғана бөгде сөздер үшін қабыданған әліпбилер тіркелді . бұл жерде айта кететін жәйіт , тіл дыбыстарымыздың қатарына ірге тепкізбек болған Сүзіліңкі Ш мен сүзіліңкі Ж дан кірме сөздер жасалғанымен қазақ сөздері жасалмайды . бірақ , ол екеуінің сөз аралығындағы сүзіліңкі қайрылуы , жазу барысындағы ұшқасуы екінің бірінде болатын болса да , өзінің қатаң қайрылатын варианты Ч Ж мен қанаттас жайғаса алмауы өкінерлік жәйіт болды .
    Қортып келгенде , Латын жазуына қайта көшу — аға-буын боздақтар аруағын рыйза қылатын , ел халқының ұлыттық руқын ұштайтын ұлағатты шаруа . әрі заулаған заманымыздың қажеті . егемен еліміздің ертеңі . шын мәніндегі түбегейлі тәуелсіздігіміздің өшпес белгісі .ол өз-өзімізге қожа болуымыздың,өз тілімізді басқа тілдерге будандастырмай байытуымыздың құралы. ғылым-білім тілін тезірек жалпыластырумыздың кілті. Ал латын әліпбиінің өзіне тоқталар болсақ,ата-бабаларымыз қолданысқа салған жазу , мейлі оның баспаша нұсқасы болсын , әлде оның жазбаша нұсқасы болсын,қазыргі жазуымыздай тым тышқан ізді емес.көрерге көркем,қағазға ықшам,жазуға жылдам,көзге жеңіл қасиетімен дүниедегі көп санды ұлттарға ұнаған жазу екені белгілі.оны бір екі жыл ішінде айырым гәзет – жорналдарда жалпыластра тұрып , 4—5 жыл ішінде исі қазақ баласына ортақ жазу етіп беру – шыт-жаңа , мызғымас қазақиа құрып шығуымыздың , еш-кімге жапақтай қарамайтын , көрінгеннің жетегіне жүгінбейтін , мықты да құдіретті Ұлыт жетілдірудің берік ірге тасы деп білемін .көк байрағымыз дүние халқына танылып , қой үстіне боз торғай жұмыртқалағанмына тұста , аға-буын ардагерлеріміз сан ойланып , мың толғанып салған асыл мұратын қайта іске асырып , бұрмаланған тәриқымызды , ашылмаған мәдениетімізді , көркем келешегімізді , шыт-жаңа жазулармен Ту-бастан қайта жазуға әбден қақылымыз . тарихқа жазылатын өшпес НҰРЛЫ ЖОЛ да осы .

  2. Мен латын әріпіне көшуге қарсымын, өйткені қазыр біз орыс, қазақ, ағылшын тілдерін білуіміз міндетті, қазір қазақ тілін сөйлей алмайтын адамдар өте көп солардың арасында шенеуніктерде баршылық. Біз қазақ тілін енді менгеріп жатырмыз егерде латын тіліне көшетін болсақ өзіміздің қазақтың рухани тілін жоғалтқанымыз емеспе! Мен ел басымыздың айтқанымен келісемін бірақта қазір бізге өзіміздің қазақ тілімізді дамытуымыз керек. Қазақ тілі жақсы дамып жетілген

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі