/

LG компаниясы CES 2013 жәрмеңкесінде Door-in-door форматтағы инновациалық тоңазытқышты көрсетілімге шығарды

607 рет қаралды

Жаңадан шыққан Инновациялық LG тоңазытқыштары кеңейтілген сыйымдылық пен пайдаланудағы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

 

7 қаңтар, 2013-LG Electronics компаниясы CES 2013 жәрмеңкесінде сыйымдылығы кеңейтілген, қос есікті тоңазытқыштарын ұсынды. Ғажайып дизайнді, өте ыңғайлы қос есікті (Door-in-door) тоңазытқыштары пайдаланушыларға кез келген уақытта сүйікті тағамдары мен сусындарын бір пернені басып қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тоңазытқыштың есігін ашқан сәтте суық ауаның азайғандығы жайлы ескертеді және тамақ өнімдерінің бұзылып кетпеуінің алдын алады.

«LG тоңазытқыштары тамақ өнімдерін сақтауда жаңа әдіс-тәсілдері мен көптеген таңғажайып жүйелерді ұсынады» – деп LG Electronics компаниясының HA бөлім Президенті Сеонг-джин Джо айтты. LG компаниясы тұтынушыларға интеллектуалды өнімдерді шығаруға дайын екендігін өзінің жаңа door-in-door системасымен дәлелдеді.

 

French сериясының жаңа тоңазытқышы

French сериясының тоңазытқыштары кеңейтілген сыйымдылық (880 литр), door-in-door жүйесі мен басқа да ерекше жүйелерді, соның ішінде мұзға арналған шағын Slim SpacePlus™ Ice System жүйесімен таң қалдырды. Мұзға арналған шағын дизайн, әрі жаңа жүйелі есіктегі кеңістікті оңтайландыру мен сөрелерді қолданудағы ыңғайлылық. Тоңазытқыш іші кеңейгенмен, сыртқы пішіні сол қалыпта стандартты түрде қалды. Тоңазытқыштың үлкен сыйымдылығы, ас үйдегі кеңістіктің кеңейюіне мүмкіндік береді.

10 жылдық кепілдемесі бар сызықты компрессор және ерекше Fresh Air Filter жүйе мен екі буландырғыш, multi-air технологиясы Smart Cooling Plus жүйесіне кіреді. Сызықты компрессор тамаша өнім шығарушылық пен энергия қуатын үнемдеп, ал Fresh Air Filter тоңазытқыштағы ауа тазалығын бақылайтын жүйе. Бұл технологиялар тамақ өнімдерінің көп уақытқа дейін сақталуын қамтамасыз етеді.

 

door-in-door системалы, 5 есікті тоңазытқыш

LG компаниясы сіздерге 5 есікті мега көлемді тоңазытқыш пен door-in-door максималды көлем мен ерекше сөрелер жиынтығын ұсынады. Екі есікті тоңазытықыштағы ішкі бөлгіштің болмауы арқасында, сөрелер мен арнайы себеттердің орындарын оңай түрде ауыстыруыға болады.

Бес есікті door-in-door жүйелі тоңазытқышы бірнеше бөліктерге бөлінген, олар тоңазытқыштың әрбір сантиметрін үнемді қолдануға мүмкіндік береді. Есіктің төменгі жағында жұмыртқа мен ұсақ заттарды сақтауға арналған орын бар. Есіктің ортаңғы бөліміндегі дәмдеуіш пен сусындарға арналған сөрені тамақтану кезінде стөл үстіне қойып қолдануға болады.

Сонымен қатар жеміс-жидектер мен көкөністер үшін арнайы мөлдір пластиктен жасалынған сөре сізге жемістер қалпын бақылауға мүмкіндік береді. Оңай алынатын сөрелер арқасында тағамдардың орнын ауыстыруға болады. Тоңазытқыштың сапалы тығыздалған қасиетінің арқасында ылғалдылықты жоятын жүйе көкөністердің ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

Жаңа Sidebyside тоңазытқышы

Соңғы шыққан side-by-sidе серия тоңазытқышының инновациялық door-in-door жүйесі арқасында көп көлемді сыйымдылық пен азық-түліктерге оңай қол жетімділікті ұсынады. Сызықты комрессор салқындату процесін қадағалайды және энергия қуатын аз жұмсайды.

French Door

  • Door-in-Door
  • Кеңейтілген көлем (880 л.)
  • Slim SpacePlus™ Ice System
  • Smart Cooling Plus System:

– Сызықты компрессор

(10 жылға кепілдеме)

– Fresh Air фильтр

– Екі еселген буға айландырғыш

– Multi-Air Flow technology

  • 3-Tier Organization™ Freezer
  • Smart Pull™ Freezer Handle
  • Premium LED көмескі жарық
Five Door Refrigerator

  • Door-in-Door
  • Кеңейтілген көлем
  • Slim SpacePlus™ Ice System
  • Smart Cooling Plus System:
  • Сызықты комрессор

(10-лет кепілдеме)

– Fresh Air фильтр

– Екі еселенген буға айландырғыш

   – Multi-Air Flow technology

  • Premium LED көмескі жарық

 

Side-by-Side

  • Door-in-Door
  • Кеңейтілген көлем (880 л.)
  • Smart Cooling Plus System:

– Fresh Air фильтр

– Сызықты компрессор

(10 жылға кепілдеме)

– Екі еселенген буға айналдырғыш

– Multi-Air Flow technology

  • Ауыспалы себеттер
  • Есікті мұздатқыш
  • Биік, әрі кең диспенсер
    • Premium LED көмескі жарық
    • Smart Pull™ Handle

                                  

                                   # # #

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі