//

Өмір өрнектері

743 рет қаралды

“Өмір өтіп жатыр. Тездетіп жоғары оқу орнын тәмамдап, жұмысқа орналассақ екен” деген сөздерді жие естейміз. Бірақ уақытпен қатар өміріміздің өтіп жатқандығын да естен шығарып алғандаймыз. Жаздың жайдарлы күнінде теңіз жағалауына барып, жағаға сурет салатын кездер болады. Уақыт өткен соң, теңіз толқындары салған суретімізді шайып кетеді. Артынан тек ізі ғана қалады. Өмірде сол секілді. «Өмірде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, жерде тіршілік етіп жүрген әрбір пенде, тыңбастан еңбек етеді. Тіршілікте адам көңілін жабырқататын сөздер де бар. Сол сөздердің біреуі –  “әттең” деген,  өкінішті білдіретін сөз. “Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың ” деп Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай, адам әр күнін ең соңғы күні секілді өткізуі керек. Сол кезде адам басқаша өмір сүретін бе еді? Өйткені, уақыттың азайғанын сезінгенде, басқаша қимылдана бастайсың. Асығасын, “үлгере алмай қаламын ба?” деген сауал жанынды мазалайды. “Өмір – жауын, уақыт –тамшы’ деп бекерге айтпаса керек. Бразилиялық  жазушы Пауло Куэльоның “Вероника решает умереть” атты шығармасында, жас қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болуы жайында айтылады. Алайда, оның өмірін дәрігерлер құтқарып қалады. Ауруханаға түскеннен кейін, ішінде жатқан адамдармен сөйлесіп, әңгімелесіп өмірдің мәнін түсіне бастайды. “Ауруханада емделіп жатқан адамдар өмірге деген үміттерін үзбей, өмір сүру үшін күресіп жатса, мен болсам өмір сүрмеу үшін күресемін”- деп, қатты өкінеді. Адамдар оған “не үшін өз-өзіне қол жұмсадың?” Дегенде, ол өмірдің қатал, әділетсіз екенін айтады. Сол кезде жасы келген бір әйел оған: “ Иә, шынымен де өмір қатал болады, сен қатал деп ойласаң. Сенің өз өмірін мәнді өтуі де өзіне байланысты. Өйткені, сенің өмірін өзінің ғана қолында” – дейді. Бірақ –та  тым кеш. Дәрігерлер оған бес ақ күні қалғандығы туралы хабарлайды. Бесінші күні болғанда, ол қатты қорқады. Бірақ одан түк пайда жоқ екенін,  өлімнен қашып құтыла алмайтындығын ішінен сезе біледі. Таң атқанда, ол көзін ашады. Ол өлмеген, ол тірі. Дәрігерлер оның тірі қалатындығы туралы біледі. Оған ештеңе айтпауды жөн санайды. Ал, Вероника болса, әр күнің ең соңғы күні секілді өткізіп, таң атқанда тірі екендігін сезініп, қуанып,  өмірдің мәнін түсінеді.

Әрбір пенде өз өмірінің суретшісі. Қандай сурет салса да, оны қандай түспен бояса да, өз еркі. Өмір де сол секілді. Өйткені, өмірдегі жолынды сен өзің таңдап аласың. Ал сол жолды дұрыс таңдап, өмірдегі өз орнынды тапсаң, одан асқан бақыт жоқ шығар.

“Өмірде мысал өлең секілді: ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді” деп Сенека айтқан екен. Жаратқан иеміз адамдарды жаратып, оларға өмір сыйласа, ал адамдар жерде тіршілік етіп, Алла тағаланы жаратады. Бұл тек өткінші өмір ғана. Күн сайын Алла тағала күннің шуағымен бірге бізге өмірімізді, жасаған қателіктерімізді түзету үшін мүмкіндікті қатар жібереді. Алайда, біз бұған онша мән бермейміз. Бүгінгі күнімізді кешегі, ертеңгі күннен түк айырмашылығы жоқ секілді өткіземіз. Бұл күн кеше жасамағын жұмысынды аяқтау үшін, айтылмаған сөздерді айту үшін, кеше қателескен, сүрінген жеріңнен қайта сүрінбеу үшін берілген.

Гауһар Баймұханқызы

Сурет: voxpopuli.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,