/

Текті сөздің төресі

586 рет қаралды

АҢДАТПА

 

(Астана қаласы, ақпанның 9-ы, 2013 жыл)

Халқымыздың кезінде ұлттық тәрбиеге ұстын еткен, асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғандай. Әр сөзі мірдің оғындай көздеген нысанаға дөп тиіп, көңіл көзін ашып, шөліркеген рухқа зәмзәм суындай шипа болатын заманға лайық жаңа терме бүгін де керек. Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мешіті Республикалық «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын.

Тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жаңа термелерге арналған бұл бәйге өз мәресіне жетті. Ақпанның 9-ы күні Астана қаласының «Конгресс-Холл» сарайында, сағат 14:30-да бәйгенің қорытынды кеші өтеді. Кеште жүлделі орындарға ие болған үздік жаңа термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталады. Кешке мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ТІГІЛГЕН ЖҮЛДЕ:

Бас жүлде – «ШЕТЕЛ» АВТОКӨЛІГІ;

Бірінші орын –  1 500 000 теңге;

Екінші орын – 750 000 теңгеден (2 адамға);

Үшінші орын – 500 000 тенгеден (3 адамға);

Ынталандыру сыйлықтары – (15 адамға) умра қажылық;

Сондай-ақ:

Ең үздік мақам  (3 жүлде) – 150 000 теңгеден;

Ең үздік орындаушы (3 жүлде) – 150 000 тенгеден.

 

Өткізілетін орны: Астана қаласы, «Конгресс-Холл» сарайы.

Басталуы: сағат 14:30-да.

Әзірет Сұлтан мешітінің  Баспасөз қызметі

тел.: 8(7172) 422 455,

              8 778 354 63 27

8 776 354 63 27

web-сайт: www.muslim.kz эл. пошта: muslimtv.kz@gmail.com

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі