Қырғызстандықтар басшылыққа кімді қалайды?

615 рет қаралды


Жақсы саяси басшының 10 қасиеті

Бұл зерттеу Д.Мурзаева мен П.Акчалының Қырғызстанның 7 облысында 2010-жылы 15 ақпан -21 сәуір аралығында жүргізген жұмыстарын баяндайды. Сауалнама кезінде 140 адамнан сұхбат алынды ( 66-ер адам, 74-і әйел). Олардан нағыз саяси басшы болатын адамға тән қасиеттерді анықтау жайлы сұралды. Зерттеу нәтижесінде жақсы басшы болу үшін 10 қасиет болу керектігі анықталған:

 

1- Ұлтжаңдылық

2- Білімділік

3- Адалдық

4- Нағыз саяси маман

5- Харизматикалық қасиетке ие болуы

6- Ақылдылық

7- Жауапкершілік

8- Жақсы мінезге ие болуы

9- Халыққа адал қызмет етуі

10- Батылдық

 

Бұл зерттеуді жүргізген ғалымдардың айтуы бойынша, жоғарыда айтылған қасиеттер Қырғыз мемлекетін басқарған (Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевтың) басшылардың бойында бар екеніне сенім басымырақ.

Мурзаева мен Акчалының зерттеулерінде: бір қызық жайт, өздеріне бұйрық беріп, тапсырма беріп, оларға не істеу керек екенін айтып, отыратынға үйреніп қалғандықтан, келешекте болатын өздерінің басшыларының мықты адам яғни өз бетімен әрекет ете алатындай болғанын қалайды. Көп адамдар Ресей Федерациясының президенті Путинді үлгі тұту керек дейді. Қырғызстан халқына өздеріне қамқор болатындай басшы керектігі де анық. Нағыз басшы «демократ» болу керек деген пікірді төрт адам ғана айтқан. Сауалнамаға жауап берген екі кісі нағыз басшы адам туысқандық және рушылдық жүйеден алысырақ болғанын дұрыс деп есептейді.

Бұл зерттеуді жүргізгендер сараптаманың жаппай халықтың қолдауын алғысы келетін келешек саясаткерлерге пайдасы тиіп қалуы мүмкін деп санайды. Басшылардан Қырғызстан қоғамының күтетіні, ең бастысы жауапкершілік пен халыққа қамқор бола білу, көбінде кеңес кезеңінде қабылданған әдеттерден арылту.

Роза Отунбаеваның екінші рет басшылыққа үміткерлер арасынан көрінуі және бұл бірер жылдан кейін болашақта жүзеге асуы да мүмкін, яғни Қырғызстандықтар үшін демократиялық бір әлемде өмір сүру болып отыр.

Қырғызстанда, мысалы көрші Орта Азия мемлекеттеріндегідей басшыларын тәуелсіз бір басшы ретінде көру өте қиын. Жалпы айтқанда «саяси көз-қарасы төмен басшылар» халыққа кері әсерін тигізуде. Зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан және Өзбекстан сияқты мемлекеттерде (энергетикалық) ресурстар және халыққа қызмет көрсету жағдайы мықты басшылардың бағыттары арқылы жүзеге асырылуда.

 Осы ретте Қырғызстанның келешек басшысына үш бағытта жұмыстау керек екен деп ойлаймыз: 1. Мемлекетішілік ресурстарды іздеп табу 2. Нағыз басшыға тән он қасиетті өзіне қалыптастыра білу 3. Зерттеушілердің жұмысын қадағалай білу.

Данияр Қосназаров және Ақмарал Қиялхан, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі