///

Әблязовтың әйелі туралы

687 рет қаралды
1

шалабаеваҚазақстан билігі оппозициялық олигарх, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваның Италияға қайтып бара алатыны туралы 23 шілде күні хабарлады. “Рейтерз” агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес Астана Италия билігінен сотқа тартылған жағдайда Шалабаеваның Қазақстанға қайтып келуіне кепілдік беруін сұраған. Агенттік Қазақстан үкіметінің италиялық Corriera della Sera газетіне 23 шілде күні жариялағанмәлімдемесіне сілтеме жасайды.
Алма Шалабаева мен оның қызы Алуа Әблязова 31 мамыр күні Италиядан Қазақстанға депортацияланған еді. Оларды елден шығарып жіберген Италия полициясының операциясы адам құқықтарына қатысты жанжал тудырған. Бұл оқиғаға қатысты Италияның ішкі істер министрі Анджелино Альфано парламентте түсініктеме беріп, оған сенім білдіру мәселесі бойынша дауыс берілген. Осы министрліктің басқа бір лауазымды шенеунігі отставкаға кеткен еді.

Италия премьер-министрі Энрико Летта мен ішкі істер министрі Анджелино Альфано депортациялау ісіне қатысты ештеңе білмегендерін айтқан.

Ал “жалған құжат жасау ісіне қатысы бар” деген күдікпен ешқайда шықпау жөнінде қолхат берген Алма Шалабаева қызымен Алматыда тұрып жатыр. Оның күйеуі Мұхтар Әблязов 2009 жылдан бері шетелде. Әблязов саяси себептермен қуғын көрдім деп санайды. Қазақстан билігі оны қаржылық алаяқтық жасайды деп айыптайды. 2011 жылы Әблязовқа Ұлыбритания саяси баспана берген болатын.

Дереккөзі: http://www.azattyq.org

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Күйеуіне бола қатыны мен балаларын ұстап, жазалау қалмақтар істеген жабайылықты қайталау. Түн ішінде еркегіне бола шырылдатып әйелі мен нәрестесін ұстап әкету Сталиннің, Берияның өз халқына салған қырғынын қайталау. Не сұмдық? Айқассаң, Әбіләзовтің өзімен айқассаңшы,отқа қақтасаң да өзің біл.Бірақ отбасынды нең бар? Астананың түбіндегі АЛЖИР (әйелдердің концлагері) ой салмай ма билікке.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі