/

«Протон-М» салғырттықтан құлағаны мәлім болды

633 рет қаралды

Гептил Таяуда Байқоңырда апатқа ұшыраған «Протон-М» зымыран-тасығышы бұрыштық жылдамдықтардың құрылғылары (датчик) дұрыс орнатылмауынан апатқа ұшырағаны мәлім болды. Бұл туралы Роскосмос басшысының орынбасары Александр Лопатин мәлімдеді.

Кешенді тексерудің нәтижесінде мамандар алты датчиктің үшеуі 180 градусқа төңкеріліп қойылған, осыған орай зымыранды басқару жүйесі өзінің бағыты жайында қате мәліметтер берген. Құрылғыларды дұрыс орнатпаған кінәлілер анықталған көрінеді. Апатқа қатысты тексеру деректерін Ресей тарабы ҚР Бас прокуратурасына жіберген екен. Еске салсақ, ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы 2 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылымы жоспарланған болатын. «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымның 10 секундында жерге құлап, жарылды. Апат ұшыру алаңынан 2-3 шақырым жерде орын алды.

Зымырандағы жүздеген тонна улы отын жерге төгілгені белгілі. Бір қызығы, қос мемлекет тарапынан құрылған комиссияның шешімдері екі түрлі. Ресейліктер «Протон» құлаған жерде улы гептил қалыпты, мөлшерден 8 мың есе асып кетті десе, біздің шенділер оны жоққа шығарумен әлек. Апат орнында детоксикация жұмыстарын жүргізіп, 300 тонна зымыран мен басқа да қалдықтарды жинаған «Қазғарыш» мамандары ақыры гептилдің зияндылығын анықтай алмай қайтты. Ал бұл улы отынның адам ағзасы мен қоршаған ортағы кері әсері 50 жылға дейін сақталатыны белгілі.

Автор: Нұрлан ЖҰМАХАН
dmk.kz
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі