//

Бердібек САПАРБАЕВ: Мен бұлай деп мәлімдеме жасаған жоқпын

597 рет қаралды
1

сапарбайШығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ мырза «Қытайға жалға жер беремін» депті деген сөз Қазақстан БАҚ-тарында қызу талқыға түскен еді. Бұл талқыдан «Minber.kz» ұлттық интернет газеті де шет қалмағанды. Қараңыз:minber.kz/2013/09/қытайға-жалға-жер-беріледі/;minber.kz/2013/09/жалға-да-малға-да-беретін-қазақта-жер-ж/.

Ал бүгін ғаламторда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың “Түркістан”  газетіне жолдаған хаты жарияланыпты. Сол уәжге құлақ түріңіз!

Қадірлі «Түркістан» газеті және газет оқырмандары!«Түркістан» газетіндегі «Қытайдың Орта Азиядағы мүддесі Бейжің басшылары көздегенін алып жүр» (12.09.2013) деген мақалада менің Астанадағы брифингте (06.09.2013) айтқан сөзім басқаша мағынада беріліпті.

Онда былай деп жазылған: «Шығыс Қазақстан облысының билігі аймаққа қытай инвестициясын тартуды көздеп отырғанын айта отырып, пайдаланылмай жатқан жерлерді көрші елдің шаруаларына уақытша пайдалануға беру арқылы да қаржы көзін табуға болатындығын мәлім етті».

Мен бұлай деп мәлімдеме жаса­ға­н жоқпын. Сол күнгі жауабым ға­ламтор желісіндегі ақпарат сайттарында тұр. Осы ретте «Түркістан» газетінің оқырмандарына қысқаша түсінік берейін.

Астанадағы брифингте Шығыс Қазақстанда бос жатқан жерлерді инвестиция тауып, сауатты пайдалану туралы айтылды, жерді игерудің жолын табу мәселесі қозғалды. Бірақ қытай шаруаларына жерді жалға беру туралы ұсыныс айтылған жоқ.

Рас, мен қытай инвестициясын пайдалану керек дедім. Оның мысалы Шығыс Қазақстанда бар. Мәселен, Үржар ауданында «Бәтуа» деген ЖШС жұмыс істейді. Пайдаланып отырған жері 80 шаршы шақырымды алады. Құрылтайшысы – 100 па-йыз өзіміздің азаматтар. Дихандары – 100 пайыз қазақтар. «Үдемелі индустриялық инновациялық даму» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп отырған шаруашылық. Осы шаруашылық суармалы жермен бірге шөлейт жердің өзін игеріп жатыр. 3 мыңнан астам гектар жерге дәнді дақыл екті, оның 2300 гектарына биыл соя шығарды, 700 гектар жердің өнімін тамшылап суғару әдісімен өндіріп отыр. Ал осы шаруашылықтың егістіктегі техникасы (30-дан асып жығылады) түгел қытайдікі. Неге? Өйткені қытай техникасы өзгелердікінен әлдеқайда арзан. Ол – бір. Екінші, осыншама жерді игеру үшін инвестиция керек. Оны қайдан алады? Банкілерден. Өзіміздікі болсын, шетелдікі болсын. Бұлар Қытай банкілерінен де алған (өйткені оның өз жеңілдіктері бар). Сөйтіп, 3 000 га жерді игеріп, пайда тауып отыр. Ненің арқасында? Қытай инвестициясы мен техникасының арқасында. Қазір Қытай экономикасы дәуірлеп тұр, жылдан жылға күшейіп келеді, олардың банкісі аз пайызбен несие беріп жатса, онысы біздің шаруашылықтардың дамуына септігін тигізіп отырса, біз неге одан қашуымыз керек? Мен қытай инвестициясын тиімді пайдаланып, игерілмей жатқан жерімізді игерейік деп осы тұрғыда айтқанмын.

Істің көзін тауып отырған осын­дай шаруашылықтарды біз қолдау­ы­мыз керек, олардың инвестиция алуына жәрдем жасауымыз қа­жет. Инвестицияны бүкіл дүние жүзінің дамыған мемлекеті пайдаланып отыр. Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше болған Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді көршілес елдер бір-бірімен экономикалық байланыстар орнатқаннан кейін ауыл шаруашылығына инвестиция салу – Ынтымақтастыққа мүше елдердің барлығының тәжірибесінде бар дүние.

Жер туралы кодекстің 23-бабына сәйкес біздің жерді шетелдік инвесторлардың жекеменшігіне беру тіпті де мүмкін емес. Ал шетелдік қаржы мен техниканы, шетелдік мамандар мен менеджерлерді игере алмай жатқан жерлерімізді пайдалануға тартудан қорқудың қажеті жоқ. Инвесторларды тарту деген сөз оларға тәуелді болу деген сөз емес. Бұл реттегі мәселенің бәрі шетелдік инвесторлармен жасалған келісім-шарттарда толық қарастырылады, сондықтан Қазақстан заңының талаптарын ешкім аттап кете алмайды.

Бердібек САПАРБАЕВ, 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері