//

Алматыда халықаралық айтыс өтпек

2357 рет қаралды
7


1479563_1429743597243808_1321261419_nАлматы қаласының Ғ.Мүсірепов атындағы театрының залында қараша айының 28-інде халықаралық ақындар айтысы өтеді.

Айтысқа қытайлық қандастарымыз бен қазақстандық суырып салма ақындар қатысады. Атап айтар болсақ,  өткен көктемде Қазақстанға келіп айтыстан бас жүлде мен 1,3-орындар иеленіп кеткен қытайлық төрт қандасымыз арнайы шақырылды. Олармен қатар қазақстандық Сырым Әуезхан, Манас Қайыртайұлы, Амангелді Сейілхан, Алтынбек Ибрагимов сынды республикалық және аудандық ақындар айтыстарының жүлдегерлері бақ сынасады. Кештің арнайы қонақтары ретінде Төреғали Төреәлі, Еркін Нұржанов, «Алашұлы» тобы жыр доданың сәнді өтуіне өз үлестерін қоспақ. Бұл айтыс жаңа бағдарламаларымен, көрерменге тосын сыйымен ерекшеленетін болады. Әділ қазылар қатарында Серік Қалиев, Бақыт Жаппаров, Фархат Маратов, Ұлан Еркінбайдай мәдениет пен әдебиет, айтыс саласында өзіндік із салып жүрген ел ағалары болады. Бас жүлдеге Алматы облысы, Райымбек ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен пәтер ұсынылуда.  Бұл айтыскер ақындарға құрмет ретінде, жас буынды қолдап, көтеру мақсатында азаматтарымыздың тағайындаған жүлдесі.

Айта кетерлік жағдай бұл жастар айтысын студенттер ұйымдастырып жүр. Жыл сайын кіші көлемде өткізіліп жүрген айтыс Алматы жұртшылығының алдына халықаралық деңгейге шықпақ.  Айтысымыздың жаңа буынын, жастардың жобасын, ел болашағын  бірге қолдайық!

“Ұйымдастыру алқасы”

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Ақындар айтысына тұрғын үй шынымен тігілсе, бұл жақсы бастама екен. Бұрын соңды естімеген. Жастардың ұлттық өнерді меңгеріп дамытуына аға буынның үлкен үлесі қосылып жатса, болашақтан зор үміт күтеміз)))

  2. “Кіл жүйрікте кім жүйрікте” 1 ғана қандасымызды шақырып, айтыс жасап жиберип еди, жастар, жарадындар. Биз де колдау корсету ушин зал торине шокия кетемиз деп ойлаймын. Истерине Алла береке берсин

  3. Жүлесі қомақты екен, көз қысты, бармақ басты болмасын дейміз. Сонда ғана жас буынды жамандыққа үйретпейміз.Әйтпесе, алдыңғы айтыскер ағаларының қалай жүлде алатыны белгілі ғой.

  4. Айтыс-қазақтың Алла берген ерекше сыйы,Жоғарыдағы Сырым, Алтынбек,Манас,Амангелді бәрі Алматы облыстық білім басқармасы әр жыл сайын ұйымдастырып өткізетін “Жыр алыбы-Жамбыл” республикалық айтысының жүлдегерлері.Айтыстың ұйымдастыру жұмысына 5 жыл қатысқандағы менің орақ ауыз,от тілді ақындарым ғой.Ләззат Жекенқызын ұмытпай Айтысқа шақыру жібереді деп үміттенем. Жібермесе де теледидардан міндетті түрде көрем.Барлығына жаңылмас жақ, талмас қанат тілеймін.Қазақтың көсегесін көгертетін сендерсіңдер, жасқанбай айтыңдар бар шындықты.Қазағым жасасын! Ләззат Жекенқызы.

    • Апай, сизге калай хабарласа аламыз, әлбетте сізді көрермендер арасынан көргіміз келеді.

  5. Халкымыздын асыл мураларынын бири “Айтыс” сатти отип, Утымды ушкыр ойлар айтылы, Корермендерди жырларымен куанта берсин! Айтыс биз ягни Корермендер ушин Халык пен Саясатерлер арасындагы кыл копир деп айтсам артык болмас! Айтыс болашак ушин кажет!

  6. Ия бұл бастаманы аяқ асты етпей шыр пыр болып демеушілер іздеп жүр. Баспана жағыда қандастарымызды өз еліне тартуғой құдай берекесін берсін Бақтияр ризамын саған…

Айдай жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері