//

Қапы қалма, жас қазақ – Мәңгілік Ел» эссе байқауы!

2400 рет қаралды

mangilik elҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында бірігу, ұлттық мұратымызға жетудің берік негізі ретінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерді. Елбасының осы бір көрегенді саясатын қолдау мақсатында әр тарапта жұмыстар атқаруды негізге алған «El.kz» әлеуметтік желісі жастар арасында «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!» атты тақырыпта эссе байқауын жариялап отыр.

El.kz әлеуметтік желісі ұйымдастырып отырған байқаудың Ережесі төмендегідей:

  1. Конкурсқа шығармалар 2014 жылдың 20 ақпан – 20 наурыз аралығында мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: akimelkz@gmail.com;
  2. Конкурсқа 13-29 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады;
  3. Конкурсқа қатысушылар материалмен бірге өзінің толық аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, сондай-ақ байланыс ақпараттары – телефон нөмірі және электрондық мекенжайы көрсетілген толық ақпаратты жолдауы тиіс;
  4. Конкурсқа келіп түскен материалдарды іріктеу критерийлері: берілген тақырыпқа сай мазмұны бай, тілі шұрайлы, айтар ойы кең ауқымды болуы қажет. Бұрын жарияланған материалдар конкурс талаптарына сай емес;
  5. Байқау екі тілде өткізіледі. Қатысушылар қазақ және орыс тілінде эсселерін жолдай алады. Шығарманың көлемі 2 мың символдан кем болмауы қажет;
  6. Конкурсқа қатысқан үздік эсселер әділқазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталады;
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі