//

Сен – Қазақтың қуанышысың, Денисжан!

750 рет қаралды
8

tenТүн ортасында көгілдір экраннан көз алмай Сочиға көз тіккен қазақтың үміті ақталды. 20-жасар мәнерлеп сырғанаушымыз Денис ел сенімін ақтады. Қоладан алқа тақты. Алғашқы айналымда алдыңғы бестікке кіріп, қара үзген хас шеберлер «жүйрікке де бір томар» дегендей, айдында, ақтық сайыста, бірінен кейін бірі сүрініп жатса да алтыннан алтын-күміс алқа тақты.Ал  біздің Денис барлық жаттығуды ақаусыз аса жоғары көркемдікпен орындап шықты.

Қысқа бағдарламада 84,06 ұпаймен тоғызыншы орынға ие болған Денис еркiн бағдарламада бес сырғанаушыны басып озып, 171,04 ұпай жинап, жалпы есепте 255,10 ұпаймен үшiншi орынға ие болды.

Сөйтіп, еңбек пен ерлік, өрлік рухы жеңіске жетті.

Біз әлем алдында Қазақ Туын аспанға көтеріп, Елұранымызды шалқыта шырқатып жер жүзіне Қазақтың Ар мен Намысын қорғаған ұлымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сен – Қазақтың қуанышысың, Денисжан!

Мінбер-ақпарат  

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Жарқын Жеті: Халықтың жетпіс пайызы қазақ. Демек, елді күні-түні қорғап жатқандар- қазақтар. Ішкі-сыртқы қауіпсіздігімізді сақтап отырғандар-қазақтар. Осы барыста жарақаттанатын, өлетін тағы да қазақ. Салық тапсыырушы да қазақ. Ендеше, біздің спортшыларға жұмсаған ақшамыз да осы қазақтың есебінен. Онда, не үшін, қазақтан жинап алған осы ақшаны қазақты тәрбиелеу үшін қолданбаймыз? Не үшін қазақтың атынан дүбірлі додаларға қазақ еместер барады? Олардың алған білімін қазаққа қимаймыз ба? Оларға жұмсаған қаражатты қазаққа жұмсамаймыз ба? Кеңес кезінде барлық жағынан қақпай көрген халықты не үшін ендігіде тағы да қақпайлаймыз?

  2. Омарова Гульнара Жаркын Жетиге… коп ултты елдигимизге карамай, казактын атынан шыккан жуириктерди коре алмай кундеи бергенди коисаныздар гой. Казактын кезинде тубине жеткен осы болину емес пе. Аягына шангы не конки баиламаган казакты апарып маскара болганша дини мен тили болек болса да казактын атынан шыгып, елимиздин туын кокке желбиретип журген жуириктерди колдаган дурыс. Ауылдан шыксын, каладан шыксын шын жуйрик болса тусау салып жаткан ешким жок. Жасасын Казакстан, алга Казак ели.

  3. Бахытхаан Шакеи sAMAT AGA HUALAMANIZ… Siz tis hahhan adam ediniz goi… satip alganin korgendei… el bola bilsenizshi… jane hytai emes karis… alma men tank 2 baskha syakhti

  4. Abish Kobdakhan Ten de jyrgatpady. Koiylymynyn sonyna jakyn jygyluga shak kalyp, kolyn tirep jany kaldy.Dyrys taza oryndai salmai ma. Maktagan kyz toida os….

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі