//

Қ.Сансызбайұлы: Тектісі көп, тентек бар ішін ара

736 рет қаралды
2

        oqanҚұрметбек Сансызбайұлы Еліміз тәуелсіздігін алмай тұрып-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының алыстағы ағайынға жолдаған әйгілі «Ақ тілегін» ала салысымен Атажұртқа алғашқылардың бірі болып оралды. Ол тәуелсіз  Қазақстанымыздың қиын-қыстау жылдардағы ыстығы мен суығын, ащысы мен тәттісін елмен, жұртпен бірге көрді. Мемлекеттік қызметке қабылданып, отанға оралған қандастарымыздың жергілікті жерге қоныстануына, ортаға тез бейімделуіне тікелей араласып, олардың заңдық-құқұқтық негіздерін қамтамасыз етіп, жетілдіруде үнемі өз пікірін ашық айтып, енді міне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек Қазақстанның көші-қон заңының ойдағыдай болып жасалуына ат салысып жүрген тәжірибелі азамат.

            Құрметбек Сансызбайұлы, жайшылықта да жай отырмаса керек, қызметтен қолы қалт еткен тұста көңіл қылын тербеген, сезімге тиген жайларды өлеңмен өрнектеп, бетің жүзің демей төгіп-төгіп жіберетін турашыл , ақынға тән әдеті де бар екен. Төмендегі өлеңдер сол мінездің айғағы болса керек.                                                                                                                                    Б.Бурылалтай

 

   ҚАНДАСТАРҒА! 

Оралманның көбісі адал жандар,

Арасында болмайды арам қандар.

Тектісі көп, тентек бар ішін ара,

Сағыныштан Отан деп жаралғандар.

Шетте туып шетте өскен қайран қазақ,

Отанға кеп біреуге болдың мазақ.

Ара түсер намысқа ағайын көп,

Алақанын Аллаға жайған  қазақ!

Көшкен елдің болмайды  көңілі жай,

Күтіп  бағы  тұрған жоқ бәрі де сай.

Өз қандасың өзекке тепсе тепсін,

Оралманым,  алға ұмтыл,  атқан таңдай!

Өтпелі өмір көшпелі заман да өтер,

Күйзелмеңдер күйініп босқа бекер.

Маңдайыңа тағдырдың жазғаны осы,

Сен жетпеген биікке ұрпақ жетер!

Көштен қалма ұрпағың елде өссін,

Құрдастар мен замандас бірге өссін.

Діні, тілі, санасы қаз қалпында,

Солар көрсін қызығын  ұлы көштің!

Ұмытарсың сен-дағы тәуба дерсің,

Денге саулық бір алла қуат берсін.

Шерлі жүрек шет елде шермен болмай,

Тарылтпасын кеңейтсін өз өрісін!

Қалауын ет жүректің тыңдағайсың,

Алға сүйре өзіңді, шыңдағайсың.

Отаныңда көтерер отауың бар,

Қамдан халқым, көшіңнен кеш қалмайсың!

БІРЕУЛЕР  БАР…

 

Біреулер бар біліміне сүйенген,

Көңіліне рахаттың күйі енген.

Біреулер бар көкесіне сүйенген,

Боп жүргені құламастай түйеден.

Біреулер бар біреу үшін таяқ жер,

Еңбегі оның басқа жанға еленер.

Біреулер бар өсек тасып жүгіріп,

Мақтау естіп атаққа да кенелер.

Біреулер бар өз-өзімен жүргені,

Ондай жанның ескерілмес білгені.

Біреулер бар беттің ары бес батпан,

Қорғаушысы абыройлы төрдегі.

Біреулер бар өшпейді де өспейді,

Көкесі жоқ аңсамайды төскейді.

Біреулер бар мақтау атақ іздеумен,

Білмеседе өсе береді түспейді.

Біреулер бар тағы артында біреулер,

Сынса бір күн не болады тіреулер.

Біреулер бар жау шапсада былқ етпес,

Біреулерін күтіп алар түрмелер.

Біреулер бар сын сағатта танылар,

Рухы мықты бойында қазақ қаны бар.

Біреулер бар сүрінгенде жаңылар,

Біреулер бар тек аллаға табынар!

Біреу болмай, адал болғай, қазағым,

Онсызда көп өмірден көрген азабың.

Қысқа өмірде қас жау болма қазаққа,

Деп өмір сүр ар алдында тазамын!

                 

ЗАҢДА КЕТСЕ ОЛҚЫЛЫҚ…

Заңда кетсе олқылық,

Жамандық бастар ол қылық.

Олқылық пен оңбаған,

Бірге жасар көп былық.

Аңыз болып басталар,

Сыбайластар бас салар.

Арсыздар мен айқаспай,

Аузын ашбас басқалар.

Заңда кетсе олқылық,

Күштілер алар топ құрып.

Жоқ боп кетеді бір күні,

Жеделдетіп жымқырып..

Жаба салады қоғамға,

Немесе жаңа заманға.

Екеуінде де кінә жоқ,

Бар пәле тек адамда!

Адамдар ойла еліңді,

Еліңді қорғар еріңді.

Жемқорларға жегізбе,

Байлыққа толы жеріңді.

Елің мен жерің несібең,

Қорқасың қазақ несінен.

Мәңгүрттен сақта Мәңгі елді,

Заманның қалмай көшінен.

  2015 ж. Талдықорған қаласы.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Айсұлу, сен олай деме, сен әуелі қазақтың тарихын біл, ол саған артық болмайды, жеңіл-желпі сөзге ерме!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі