//

Сегіз баласымен Ақорданың алдына келген Жеңісгүлге

474 рет қаралды
oralman29.07.2015 Астана қаласында тұратын Жеңісгүл Ермұхамет есімді оралман әйел биліктен жәрдем сұрап Ақорданың алдына шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Екінші топтағы мүгедек Жеңісгүл Ермұхамет отбасында сегіз бала барын, күйеуінің бірінші топтағы мүгедек екендігін, 2004 жылы Қытайдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қоныс аударған оралман отбасы былтыр Астанаға көшіп, осы кезге дейін 35 мың теңгеге баспана жалдап тұрып келгенін айтады.

«Жақында сол үйді сүріп тастады, енді барар жерім жоқ, жағдайымды елбасыға айту үшін келдім» деді әйел.

Сегіз баласымен бірге Ақорданың алдына келген Жеңісгүлге қалалық прокуратура мен қала әкімдігінен келген өкілдер «әкімдікке барып сөйлесуге» шақырған. Бірақ, өзін президент Назарбаевқа жолықтыруды талап еткен әйел әкімдікке барудан бас тартқан. Бұдан соң полицейлер әйелді балаларымен бірге көлікке күштеп отырғызып, Ақорданың алдынан алып кеткен.

azattyq.org

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі