///

Біз Абайды ұлықтай алдық па?

1377 рет қаралды

IMG-20150811-WA0028

Тамыздың 10-ы күні Алматын қаласындағы Абай және Достық көшелерінің қиылысында орналасқан Абай ескерткішінің алдында сөздің майын тамызған Ұлы данышпан, философ, хәкім, барша әлемге аты мәшһүр Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті.

Алматы қаласы әкімшілігі мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастырумен өткен шараға Абай атамыздың шөбересі Касира Исраилқызы, ақын жазушылар, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты

Мерекелік шара М.Әуезов театрының белді актері Болат Әбділмановтың орындауындағы Абайдың монологымен ашылды. Ақын өлеңдерінен өнеге алып, қанатты сөздерін өмірлік мақсатына айналдырған мектеп оқушылары Абайға арнаған өлең жолдарын оқып, оның қара сөздерін жатқа айтты.

20150810_180514

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай:

7c8d4826d9f8fe8676337620496fb739– «Біз, қалалық әкімшілік, Қазақстан Жазушылар одағымен бірігіп жылда Абайдың туған күнін атап өтеміз. Бұл шараны жыл сайын өткізудегі мақсатымыз, жас ұрпаққа Абайдың шығармашылығын насихаттап, өшпейтін іздің жалғасы бар екенін көрсету. Абай – қоғамның темірқазығы болатын тұлға. Сондықтан, бұл шаралар жоғары деңгейде аталып өту керек деп ойлаймын, – деп ойын түйіндесе, Абай қорының директоры Жұмабек Ашуұлы:

1399873147– Бүгін 10-тамыз Ұлы Абайдың туған күні. 170 жылдығына арнап кеш өтіп жатыр. Бірақ, оның өтер-өтпесі екіталай еді. Өйткені соңғы 2 жылда Абайдың туған күні атап өтілмеді, ұмыт қалды. Оның есесіне, Алматы қаласында «Гүлдер» мерекесі, «Субұрқақ» мерекесі және т.с.с мерекелер бой түзеді де, Абайдың туған күні шет қалып қойды. Мен былтыр Алматы қаласының әкімінің атына ұсыныс жасағанмын. «Келесі жылы Абайдың 170 жылдығы , соған орай, «Жыр мерекесін» өткізейік» деген едім. Соған мен жауап та ала алмадым. Осыдан 3-4 күн бұрын ғана маған қоңырау шалып, «Абайдың 170 жылдығын өткізгелі жатырмыз, ақылыңызды айтсаңыз» , – деді. «Мен ештеңе де айтпаймын», – дедім. 4-ақ күн қалғанда ұйымдастырып отырғандары мынау, БАҚ-тан Алматы қаласы бойынша 2-ақ журналист келген. Бұл биліктің Абайға деген қандай көзқараста екендігінің көрінісі. Алматыда 2 миллионнан астам халық бар делік, ал шараға жиналған қауымның саны жүзге де жетпейді. Себебі бұған ұйымдастырушылар салғырттық танытып отыр. Абайдың туған күні ешкімге де керек болып тұрған жоқ. Алматы – мәдениет пен әдебиеттің орталығы. Сол рухани орталығымызда рухани ұстазымызға көрсетіп отырған құрметіміз мынадай. Мен сынайын деп сынамаймын бірақ, айтуыма тура келеді. 1995 жылы өткен Абайдың 150 жылдығы үлкен көлемде өткен болатын. Ал жылдан жылға төмендеп бара жатыр. 170 жылдығының түрі мынау. Ең болмаса қала әкімінің орынбасары келмеді. Алматы қаласының әкімі ауысқан шығар бірақ, бұл шараны білмей отырған жоқ қой. Рухани азғындық бұл шынында! «Арсыз болмай атақ жоқ, Алдамшы болмай бақ қайда» деген Абай өз өлең жолдарында. Абайды әрқайсысымыз өзіміз үшін оқып, Абайдан сабақ алмасақ, өзімізді-өзіміз тәрбиелемейтін болсақ, рухани азғындық жолына түсе береміз, төмендей береміз, – деді биліктің қырсыздығына налып.

Касира Исраилқызы,  Абай Құнанбайұлының шөбересі.

IMG-20150811-WA0014

– Мен, Абай атамыздың бірінші баласы Ақылбай. Ақылбайдың кенже ұлы Исраил. Сол Исраилдың кенже қызымын. Бүгінгі шараның қалай өткенін өздерің де көрдіңдер. Жаман дегенде ешкім жақсысын бермейді ғой. Осының алдында 2 жыл қатарынан аталып өткен де жоқ. Біз өзіміз келіп гүл шоғын қойып кеткенбіз. Оған қарағанда бүгін көңіл қуантарлықтай шара болды. Дегенмен ұлының атын өсіретін де, өшіретін де халық. Абайды өзге елдер мойындағанда өзіміз елеусіз қалдырғанымыз сын.

Мадина Тұрарова,

Гүлжан Ахметова

СДУ-дің студенттері

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі