/

Шалкөдеде бір қарт жүр

1380 рет қаралды
Шалкөдеде бір қарт жүр

Ескермес 

Балбал тастың жасындай,

Сыр шертеді өткенен.

Шалкөдеде бір қарт жүр

Асып кеткен сексеннен.

Сүйенбейді сеп-сергек,

Қолында жоқ таяғы.

Сүрінгенге елпеңдеп,

Алақанын жаяды.

Бергі бетке көз тігер,

Арғы беттің жыртқышы.

Барымтаға алдырмас,

Кешегі ол жылқышы.

Мықтың, сақтың көмбесі –

Сөз мәйегі ұртында.

Мың періште сірә бар,

Сақалы мен мұртында.

Сары қымыз ішкені,

Өркеніңе дес бермес.

Шалкөдеде бір шал жүр,

Оның аты – Ескермес.

Қыс та келіп қысады,

Жазы, көктем, күзі өтіп.

Шал көдені жүргендей,

Жалғыз өзі күзетіп.

Жалғыз өзі күзетіп.

Шалкөде жайлауында 

IMG_0144. 1 JPGТамыз айында жаздың,

Қарасаздан ұшқан қаздың,

Тастан, жастан, орман, ойынан,

Дауысын естіп мәзбін.

Өзімнің төріме келгендей,

Мұқағалиша кердеңдей

Алшайып басып аяқты,

Аунадым аз күн.

Ақ бұлақтың суын іштім,

Қасиетін-ай, құдырет күштің:

Ағзамнан жылыстап ағып жатты

Алматының уы – міскін.

Құзының ұшарын-ай,

Қойнаудың құшағын-ай.

Көкірегімді кең жайлау еткен,

Ауаның жұпарын-ай.

Жылқышы балдызының,

Жұттым кеп сары қымызын.

Пай-пай-пай, қуатын-ай,

Жасартқан жар қызығын.

Жұлдыздар қасымда тұр,

Асық боп ақынға қыр.

Ашылды мақпал түнде

Жарымнан жасырған сыр.

Сыбдыр да естіледі,

Сыбыр да естіледі…

Шалкөде – көңілім де,

Шалқыған өмірім де,

Жазмыштың жолы солай,

Біртіндеп ескіреді.

Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар