//

Қазақстан Түркия мен Ресейді сабырға шақырды

497 рет қаралды
1

photo_172024

 Қазақстанның Сыртқы істер министрі Су-24 әскери ұшағының атып түсірілуіне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: ” 2015 жылдың 24 қарашасында Ресей әуе күштеріне тиесілі Су-24М ұшағының Түркия тарапынан атып түсірілуіне байланысты қайғылы жағдайдың орын алуы  өкінішті, әрине. Аталған инцидент салдарынан қайтыс болған Ресей әскерилерінің ажалына орай көңіл айтамыз”, – делінген. “Қазіргі сәтте терроризмге қарсы күрес халықаралық сипат алды. Осы бағытта Ресей де, Түркия да барын салуда. Қазақстан бұл күресті қолдайды. Сонымен қатар, жылдар бойы жақсы жолға қойылып келе жатқан Ресей-Түркия қарым-қатынасының нашарлауына алаңдаушылық білдіреді. Болған жағдай антитеррорлық кампанияның тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін. Ресей және Түркия тарапының болған жағдайға барынша сабырлылық танытып, жағдайды ушықтырмау үшін барлық байланыс каналдары мен шараларды пайдалануға шақырамыз”, – делінген онда.

2015 жылдың 24 қарашасында Түркияның әскери әуе күштеріне тиесілі  F-16 ұшағының Ресей федерациясына тиесілі Су-24 әуе кемесін атып түсіргені белгілі. Түркия президенті Тайып Ердоған Ресейлік ұшақ Түркия әуе кеңістігіне енгеннен кейін оған бес минут көлемінде он рет ескерту айтылғандығын айтады.  Ресей Қорғаныс министрлігі Су-24 ұшағының дәл сол сәтте Сирия әуе кеңістігінде ұшып жүргендігін мәлімдеген.

minber-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Сабырға, шақырғаны жақсы ғой, бірақ, бір елдің шекарасын бұзып, баса көктеп кіріп келіп, жай бір адасқан адам емес, атқыш, жан алғыш ұшақ болса, ол қылмыс емес пе?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі