//

Қызғаныштан туған қылмыс

1243 рет қаралды

Биыл қазан айының басында,Ұлжан Рысқұлбекованы досы Баян Шалқарова 24 жерінен пышақтап,қол аяғын кескілеп,6 метрлік кілемге орап балконға шығарып тастады деген суық хабар келді.

paSJdiOWwpsБіз осы істің ақ қарасын білу мақсатында 2015жылдың қазан айының 25 күні  әлеуметтік желі арқылы нағашы әпкесі Мөлдір Рысқұлбековамен тілдесіп, одан әрі телефон арқылы хабарластық:
– Балжан мен Ұлжан қалай танысты?

– Балжан емес Баян.

– Ааа,  бізде көп мақалаларда «Балжан» деп жазылған екен.

– Иә,ол қыз екі атпен жүреді,менің сіңіліммен «Баянмын» деп танысыпты.

– Сонда олар қай кезде, қандай уақытта танысыпты?

Қызғаныштың құрбаны болған – Ұлжан

Баян иә Балжан

oHLAqtG6Eeg– Олар осы жылдың жаз айында танысқан, сіңілім бос уақыты болғаннан кейін жұмысқа шығады. Сол кезде Баян Шалқаровна онымен араласып,өзінің жағдайы болмай жүргенін айтып, сінлімнің жүрегі жұмсақтығын пайдаланып, Астана қаласындағы 2 бөлмелі пәтерінде  бірге тұруға рұқсат алады.Ұлжанның анасы да қарсы болмай, қайта жалғыз жатқаннан жақсы деп, қарсылық блдірмейді.

Мөлдір Рысқұлбекованың сөзі бойынша – Баян Шалқаровна Ұлжан Рысқұлбекованы қызғанышпен, көре алмаушылықпен өлтірген.Оның үйіне, киіміне, әдемілігіне шыдай алмағаны соншалық  8 қазан күні түнгі сағат 11:45 шамасында оны тепкілеп, пышақтап, аяқ-қолдарын кесіп, зал бөлмесіндегі 6 метрлік кілемге орап, балконға шығарып, артынша кетіп қалады.

– Менің күйеу балам мен Ұлжанның көршісі  үйге кірсе, еденнің бәрі қан, пышақ, қолғаптар жатыр. Екі адам болмаса да үш төрт адамның істеген қарекеті. Әрі камерадан Баянның бір емес, екі үш рет қайта-қайта шыққаны көрсетілген. Киімдерін терезеден лақтырып, артынша қайта жинап алып лақтырған. Содан күйеу балам дереу полиция шақырады, полиция келгеннен кейін зал үйдегі 6 метрлік кілемнің жоқтығын байқап, дереу кілемді іздеуге кіріседі. Ұлжаным бір күн үйге қонбаған қыз емес, тек сабақ оқитын, бірінші жылында ақылы бөлімге түсіп, келесі жылы жақсы оқып грантқа ауысты,19 мың тенге стипендия алып отырды. Сонымен полициялармен бірге іздестіріп жатқанда көршісі балконда кілем тұрғанын айтады.Дереу дәлел болу үшін ашып қараса өзіміздің Ұлжан болып шығады. 2 күн бойы сол кілемге оралып жатқан Ұлжанымыз,10 қазан күні 7:00 лер шамасында мәйіті табылды.(көзіне жас алды)

Баян өзінің ісін тек көре алмаушылыққа жатқызды ма?

– Сенесіз бе, ол тіпті адам өлтіргеннен соң да, жұмыс орнына келіп,ештеңе болмағандай жүре берген. Полициялар келгендеде міз бақпай, «ия, мен өлтірдім» деген. Біз сенбейміз, кішкентай қыздың осы істі жалғыз өзі істегеніне….Сайлаубек деп шулаған халық неге Ұлжанымның азапты өлміне немқұрайлы қарап отыр?! Пышақтап өлтіре салу қазір шынымен мал бауыздағандай болып бара жатыр….Ұлжаным кішкентайынан әкесіз өсті, марқұм әкесі бір жасында қайтыс болды. Әпкем содан кейін өз атына жаздырған еді. Ұлжанымызды 11 қазан күні туған жері Шымкентке алып келдік.6:00 де жаназасы оқылып жер қойнына тапсырдық. Жалғыз сіңілісі қалды, Петропавлда оқитын. Әпкең реанимацияда деп алдап шақырып алдық. Қазір оған да тым ауыр….

Баян Шалқарованы зерттей келе ешқандай психологиялық ауытқуы  жоқ екені дәлелденді. Ешқандай улы зат қолданбайды.  Сонда көре алмаушылық бұл ауыру ма?!Әлде қазіргі қоғамның заңы ма?!

Астарлап ақиқатты аша түсу үшін, ботадай еңіреп, «балам» деп елжіреп, шындықты іздеп Президент әкімшілігіне дейін ат басын тіреген анасы Қаламгүл Рысқұлбекованың өзімен тілдестік:

– Кім қызын жаман дейді қарағым?!Менің періштедей пәк, он сегізде бір гүлі ашылмаған Ұлжанымның осылай өмірмен қоштасқаны қабырғамды қайыстырады. Менің қазір жылауға да шамам жоқ.. Құдай-ау жыласаң ішің де тарқайды ғой. Менің қазіргі Ұлжаныма бере алатын барым, нарым тек оны өлтірген жауыз адамдарды ұстау,әділет іздеу…..

–  Қаламгүл тәте, сіз қызынызбен қаншалықты жиі сөйлесуші едіңіз және қаншалықты ашық?

–  Күніне екі үш мәрте хабарласып тұратынбыз, бейсенбі күні мен жолда болып қызыммен хабарласа алмадым. Жұма күні сағат 2-00 лер шамасында қызымның хабарласпағанына алаңндап өзім қоңырау шалдым,телефон барып тұрды,  бірақ қызым көтермеді, қайта-қайта  қоңырау шалдым, кейін телефоны өшірулі болды. Содан Астанадағы сіңіліме хабарласып қызымды көріп қайтуын өтіндім.

–  Баянның Ұлжаннан ақша сұраған кездері болды ма?

–  Мен ол жайлы жақында ғана білдім, Баян қызымнан бір емес екі мәрте ақша сұрапты. Біріншісінде анасы қайтыс болғанын айтып, соған баруға ақша бере тұруын, ал екіншісінде «мен екіқабат болып қалдым,түсік жасатуға ақша бере тұршы» депті. …Жақында ғана анасының қайтыс болмағанын блдім, менімен кездеспекші болды,  бірақ мен  қарсы болдым.

–  Ұлжан,оған осы жағдайлар үшін ақша берді ме?Және бұл жайтты сіз қайдан білесіз?

–  Ол жағын  нақты айта алмаймын,екеуміз ақша жайлы сөз қозғаған емеспіз,бұл жайды Нұрсұлтаннан естідім.

–  Нұрсұлтан деген кім?

–  Құда баламыз,солармен Ұлжан жақсы араласатын.

–  Ұлжанның көршілері, дәл сол күнгі айғайшуға, лақтырылған заттарға мән бермеген бе?

–  Олардың айтуы бойынша,  бірді-екілі қатты дауыс естілген. Дер кезінде  милиция шақырғанда қызым тірі қалар ма еді?Қазақтар сол ғой баяғы қазақшылдығын жасап отыра берген…..

Бұл іс жайлы тек күдікті деп Баян Шалқаровна ұсталып отыр.Қазірше 2 айлық тергеу абақтысында. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  98 бабы бойынша оны 8 не 10 жыл аралығында түрмеге жабуы ықтимал….

Туыстары журналистердің хабарласқанын естігенде, бізге үлкен үміт артатынын жеткізді.

–  Журналист дегенді естігенде құдды Ұлжанымның қорғаушылары пайда болғандай сезіндім. Менің мұңымды, менің ішімдегі жарылуға аз-ақ қалған шерімді халыққа жеткізсеңдер. Әділетті заң шығып Баян қатаң түрде жаза алса екен. Халық болып жоғары билікке жеткізіңдер. Менің зарымды әрбір баласы бар ана түсінеді……

Барлық туыстарымен сұбаттаса отырып, ең қызығы Баянды ешкімнің көрмегенін білдік. Астанадағы Нұрсұлтан есімді құда баласы да:

–  Қыздар білесіңдер ме, ең қызығы біз Баянды шын өмірде көрген емеспіз, – деп жауап қатты.

Ұлжанның анасы Қаламгүл Рысқұлбекованың айтуынша, қазір бұл істі тергеуде екі тергеуші ауысқан, адвокаты жоқ. Қаламгүл апайдың құда баласы Нұрсұлтан Байсұлтановты әлеуметтік желі арқылы таптық. Ол біздің сұрақтарымызға тиянақты жауап қатты:

– Ұлжанда ақша болды және машина аламын деп жүрді. Қайтыс болғаннан кейін, Ұлжанның жеке куәлігі, банк картасындағы бар ақшасы жоғалған.  Телефоны да үйден табылмады. Қан болмаған бір екі жерде ғана тазаланбай қалған қан бар, ол да тексеру барысында табылған. Үйді қаннан тазартқан. Демек бұл істі жалғыз қаршадай қыздың жасауы мүмкін емес. Бұл жерде өзге де кілтипан бар секілді. Менің күдігім – ұйымдасқан қарашы топ жұмыс істеуі мүмкін.

Тергеу барысы да қанағаттанарлық дәрежеде болып жатқан жоқ. Баян қылмысын мойындады деп, осылай жабулы қазан жабулы күйінде қалатын секілді.

Қызғалдақтай гүл қызғаныш атты қызыл иттің құрбаны болғаны ма? Адам айтса нанғысыз!

Арай Жеңіс, Балжан Абылғазиева,

Айнұр Есенғалиева, Ақнұр Қарабай

СДУ-дің, “Журналистика” кафедрасының І курс студенттері

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі