/

«Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны»

1297 рет қаралды

zuqa batur muqabasi 2016 жылы аты аңызға айналған әйгілі батыр Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерей тойы еліміз және шет елдерде кеңінен аталып, тойланып жатыр. Осы мерекелік іс-шараларар қарсаңында көптеген танымдық  дүниелер өмірге келді.

Зуқа батыр Сәбитұлы 1866 жылы Шығыс Қазақстан облысының Қалба тауында дүниеге келген. Ол Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақ Елінің аумағынан ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтардың тағдырын аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғап, басшысыз, биліксіз, қорғансыз, қарусыз халқын жан-жағынан талап, тонап, басымшылық көрсетіп қанаған үстем өкіметтің езгісінен қызғыштай қорып, қажет кезінде қарсы тұрып, әлеуметтік теңсіздіктермен өмірінің соңына дейін бел шешпей, аттан түспей аяусыз күрескен қайраткер, қолбасшы тұлға. Оcы жолда қытайдың гоминдан жандайшаптарының қолынан 1928 жылы қаза табады.

Жуырда Бақытбек Бәмішұлының «Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны» атты еңбегі Алматыда, “Ақ-Шағыл” баспасыннан жарық көрді. 14.06.2016 ж, Астанада Зуқа батырдың 150 жылдығына орай өткен іс-шаралар орайында кітаптың таныстырылымы болды. Бұл тарихи-танымдық еңбек – Зуқа батыр Сәбитұлының атасы Нұрмұхамед абыздың аталас-тұстасы Топай әулеті атынан 150 жылдық мерей-тойына тарту-сыйы болса керек. 

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі