//

Универсиада-2017: Қазақстан қоржынында әзірге 1 күміс, 2 қола

1004 рет қаралды
1

unnamed-3Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік Қысқы студенттер додасында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді шаңғы жарысынан 23 жасар Анна Шевченко әкелді.

«Алатау» тау-шаңғылы кешенінде өткен әйелдер арасында 5 шақырымға дейінгі жекелей сын аяқталып,  нәтижесінде алтын мен күмісті  ресейлік Лилия Васильева мен Анна Начаевская өзара бөлісті. Қазақстандық Анна Шевченко екінші орында келген шаңғышыдан 2 секундқа кешігіп, қола медальді ел қоржынына салды.

Айта кетейік, Анна Шевченко – Қазақстан Республикасы шаңғы жарысы бойынша спорт шебері, 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының, ҚР Жастар чемпионатының жеңімпазы, Әлем Кубогінің, Әлем чемпионатының қатысушысы.

Кезекті жүлделерді фристайл шаңғылы акробатика спорт түрінен аруларымыз Жібек Арапбаева күміс медальді, осы спорттан Жанбота Алдабергенова тағы бір қоланы ел қоржынына салды. Ал алтынды қытайлық Жун Вингянг иеленді.

Қазақстан қоржынында әзірге 1 күміс пен 2 қола бар.

Күнту Арынбек, Универсиададан. 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Иә, әзірге нәтиже осындай. Алдағы уақытта спортшыларымыз жақсы көрсеткіштерімен дүйім жұртты қуантады деген ойдамын. Жылдам ақпарат таратқандарыңызға рақмет!

Khan Abylai жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі