//

Ерлан Қарин «Қазақстан РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды

804 рет қаралды

Жаңа басшы ұжымға бүгін таныстырылды

6d9e3cfd50a182b6164649bd6f2«Бүгін «Қазақстан» РТР­К» АҚ ұжымына жаңа ба­сшы Ерлан Қаринді т­аныстырдым. Ерлан Тынымбайұлы біл­ікті саясаттанушы, ид­еолог, еліміздің шына­йы патриоты ретінде көпшілікке жақсы таныс­ екеніне еш күмәнім ж­оқ. Ендігі жерде оған елі­міздегі ең ірі медиа құрылымның жұмысын од­ан әрі дамыту тапсыры­лып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұғ­ан дейінгі іргелі ша-раларды одан әрі жалға­стырып, корпорацияны ­жаңа деңгейге көтеред­і деп сенемін», – деп жазған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында.

Ерлан Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған. 

1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын аяқтаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 

Әр жылдары Қазақстан даму институтының Саяси зерттеу орталығында ғылыми қызметкері, «Асар» Республикалық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы, «Нұр Отан» ХДП хатшысы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметтерінде болған.

Ерлан Қаринді жаңа қызметімен құттықтаймыз.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі