//

Нұрберген Жұмағазиев: Қытай спортшысы қолымнан ұстап, кедергі жасады

1269 рет қаралды

Жерлесіміз Нұрберген Жұмағазиев1500 м қашықтықта шорт-тректен (2:31.287) ел қоржынына оныншы қоланы  салды. Ол корейлік қос спортшы Пак Джи Уон (2:30.622) мен Ким Ду Кюмге (2:30.773) жол беріп қойды.

Нұрберген Жұмағазиевпен жарыс соңында схбаттасудың сәті түскен еді.

Нұрберген, жеңіс құтты болсын! Соңғы айналымдарда алдына шығу үшін шабуыл жасап көргеніңді байқадық. Бірақ нәтиже болмаған сияқты?

  • Иә, 6 айналым қалғанда жылдамдықты арттырып, шабуылдап көрдім. Бірақ өздеріңіз көргендей қытай құрамасының спортшысының қолымнан ұстауы жылдамдығыма кедергі жасады. Шорт-трек деген өзі сондай спорт, сәл ғана жылдамдықты төмендетіп қалсаң, аяқ шаршап қалады.
  • Сенің жаныңа жақын 1000,1500 м қашықтық екенін білеміз, алдағы күндері алтыннан үміт бар ма?
  • Әлі алдағы екі күні 3 қашықтық бойынша жарыстар бар. Сол қашықтықтың бірінде алтын медаль болады деген ойдамын. Яғни бүгін  500 м, 7 ақпан күні 1000 метірлік додада сынға түсемін. Өзімнің сүйікті қашықтығым 1000 м  болғандықтан алтын жүлдеден үміттімін.  Былтыр Корея елінің Каннын қаласында өткен әлем кубогінде 1000 м қашықтықта чемпион атанған болатынмын. Сол кезде осы Корей спортшыларымен бірге жарысқан едім.
  • Негізі осы бүгін сенімен бірге шыққан корейліктер тіс қаққан спортшылар секілді?
  • Бұл корейліктер әлем кубогінде өнер көрсетіп жүрген спортшылар екенін білемін. Универсиадаға келіп тұрған себептері, естуімше Кореяда Универсиада чемпионы атансаң 400 доллар көлемінде өмір бойы стипендия төленеді екен. Сондықтан бұл спортшылар үшін Универсиада өте үлкен дода болып саналады.
  • Көптеген спортшыларымыз жүлделерін анасына, жарына арнап жатады. Сен бүгінгі жүлдеңді кімге арнайсың?
  • Мен өз жүлдемді атама арнаймын. Әрқашанда жеңістерімді туған атама арнап жүремін. Мені атамның баласы десеңіздер болады.
  • Универсиаданың өту барысы жайлы не айтасыз?
  • Универсиада негізі өте үлкен әлемдік жарыстардың бірі. Маңыздылығы да ерекше. Біздің елімізде өте жоғары деңгейде өтіп жатыр деп айта аламын. Оған өзім де куәгермін. Бір сөзбен айтқанда барлығы керемет.
  • Пікір білдіріп, сұхбаттасқаныңызға көп-көп рақмет!                                                                                  
  • %d0%bd%d1%83%d1%80%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%bd%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be%d0%bd%d1%83%d1%80%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%bd%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beБүгін Нұрберген Жұмағазиев Балуан Шолақ атындағы шорт-трек стадионында 500 м қашықтықта ел намысын қорғамақ. Сондай-ақ жерлестеріміз Абзал Ажғалиев пен Денис Никиша да осы сайыста сынға түседі.

Күнту АРЫНБЕК, Универсиададан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар