//

Рубльдің  қымбаттауына не себеп?

526 рет қаралды

Рубльдің теңгеге шаққандағы құны – 2016 жылдың аяғында 4,6 көрсеткішінде болған еді. Бүгін ол  5,6 теңгеге дейін шарықтады. Ресей валютасының құнының артуына,  қымбаттауына не себеп?

Сарапшылардың пайымдауы бойынша, Ресейдің бағам саясаты Қазақстанға қарағанда өзгеше. Егер біз доллар сомасына тәуелді болсақ, көрші мемлекет мұнай бағасына тікелей тәуелді. Мұнай қымбаттаса, демек рубль бағасы да күшеймек, немесе керісінше.

Қаржы сарапшысы Ғалым Хұсаиновтың айтуынша, – «Ресей рублі нарықтық баға белгіленіміне бағытталған. Ресейдің орталық банкі рубльдің өзге бағамдарға қарасты бағасын қадағаламайды. Бұл – біріншіден. Екіншіден, рубль тек долларға ғана емес, сонымен қатар евро бағасына да қарасты. Бүгінгі таңда евро бағасы қарқынды төмендеуде.

Ресейліктерге «жақсы» болған жағдай біздер үшін «онша емес». Бес жарым деген баға Қазақстан үшін өте қымбат. Себебі біз Ресей импортына тікелей бағыныштымыз. Бұл дегеніміз – 5 теңге 50 тиын теңгенің құнсыздануына әкеліп соғады. Сол себепті алдағы уақытта ресейлік тауарлардың қымбаттауын байқауға болады. Осы тұста біз өз өнімдерімізді бәсекеге қабілетті ете аламыз. Сонымен қатар 5,5 деген көрсеткіш ұзаққа созылмайды, құнсыздану белең алған кезде, теңгені жасанды жолмен күшейте бастайды.»

Ал Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев, – «Қазақстанда рубль сомасының қымбаттауы жанармай бағасының өсуіне ықпал етіп отыр», – дейді. «Өткен жылы рубль бағасы теңгеге шаққанда 20 % – ға өсті. Сәйкесінше рубльмен сатып алынған жағдайда айтарлықтай айырмашылық жоқ. Дегенмен теңгеге алмастырған кезде тұтынушыға қымбатқа түседі. Біздің мұнай өндіруші зауыттарымыз барлығы жұмыс істеуде, барлығы өз қалпында».

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының саммиті болған күні мұнай бағамы 8,5% өседі. Ертеңіне «қара алтын» бағасы 4,5% қымбаттап, алғашқысына қарағанда арзандайды. Сәйкесінше, бағам әлі де өз қалпына келмек. Бұл дегеніміз рубль қымбаттауының уақытша құбылыс екендігінің дәлелдемесі.

Дегенмен, Ресей энергетика саясаты комитетінің басшысы Иван Грачевтың ойынша, 2017 жылы мұнай бағасы $65 асуы мүмкін, орташа бағасы өз алдына $55. Сонымен қатар Грачев 2019 жылы мұнай бағамы тіптен $90 асып, 2020 жылы $100 жететініне сенімді. «Әрбір дағдарыс алдында дүниежүзілік экономика жылына 1-2%-ға өседі. Мұндай жағдайда мұнайға деген сұраныс 1,5%-ға сәйкесінше артады»,-дейді Грачев. Алайда жоғары сұраныс негізінде АҚШ компаниялары нарықты шикізатпен қажетінен тыс қамтамасыз ете отырып, бағам бағасын арзандатуға тырысатынын сарапшы мойындап отыр. Сол себепті қазіргі теңге мен рубль бағасының ара-қатынасы  бұлыңғыр әрі тұрақты емес деп айта аламыз.

f69d0a82772bf28a0f620404a96

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі