//

Универсиада-2017: Қазақстандық команда күмісті қанағат тұтты

786 рет қаралды

«Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өткен биатлон спортының аралас эстафетасы бойынша Қазақстандық спортшылар Ресей құрамасынан 30,6 секунд кешігіп келіп, екінші орынды қанағат тұтты. Онда қазақстандық спортшылар Галина Вишневская мен Дарья Усанова 6 шақырымда бірінші болып келсе, Василий Подкорытов пен Антон Понтов қыздардың нәтижесін қайталай алмады. Ресейліктерге (1:14:37.8) алтын медаль, украиналықтарға (1:17:10.4) қола жүлде бұйырды.

Бұған дейін Галина Вишневская биатлонның жеке түрінен 15 км қашықтықта күміс, 7,5 км қашықтықта спринт әдісі бойынша алтын жүлдені олжалаған болатын.

%d1%84%d0%be%d0%be%d0%be%d1%82%d0%be

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар