//

“АЛЖИР” – өткен заманның зобалаң тарихы

1226 рет қаралды
1

18485292_10209260404170397_3226240320883766876_n 18403624_10209260399970292_6837880008265858032_n 18403547_10209260401170322_988299777889841035_n 18403512_10209260403210373_4214275987220224072_n img_20170513_141748 img_20170513_140914 img_20170513_135511 img_20170513_133853 img_20170513_131114 img_20170513_131048 img_20170513_123634

0031-035-alzhir-lager-dlja-zhen-izmennikov-rodiny-v-akmolinske-severnyjАЛЖИР. “Отанын сатқандардың əйелдеріне арналған Ақмола лагері қазіргі Астанадан 15 минуттай жерде, бұрынғы Малиновка, қазіргі Ақмол ауылында орналасқан. 2007 жылдан бұл жерде “қызыл террор” құрбандарын еске алу, Сталин жүргізген саясаттың қанмен боялған қасіретін келер ұрпақ жадында мəңгі қалдыру мақсатында музей ашылған. Музейдің алғашқы қабаты -Алаш залы деп аталса, 2-қабат сол зұлмат заманның сұмдығын əшкерелейтін “АЛЖИР” тарихына арналады. Мемориал кешенінің ауласына енген сəттен жүрегіңе мұз қатып, тамағына өксік тығылады екен. Олар көрген түрме азабын, жазықсыз шеккен зардабын біз жан-жүрегімізбен сезіне аламыз ба? Өз халқын қынадай қырған жауыз үкіметке лағынат айтқаннан басқа шараң не? -35 градус суық баракта 1938-1953 жылдар аралығында 1560 бала дүние есігін ашыпты. Көзін тырнап ашпастан шешесінен айырып, балалар үйіне жөнелтілген. Олар “Дети АЛЖИРа” немесе “Дети ГУЛАГа” деген ярлыкпен өскен. Адам төзгісіз азапты жеңіп шығып, бейбіт заманмен қауышқанымен оларды ірі қалаларға маңайлатпаған. Əр жерде шашырап кеткен балаларымен қауышуда біраз сергелдеңге түсірген. Кейбір аналар жазасын өтеуге 3-4 күн қалғанда мəңгілік сапарға аттанып кете берген. Өткеннің қара дағы бүгінгіге сабақ. Мұндай ессіздік пен дүлей шара қайталанбасын деп тілейік. АЛЖИРЛІК аналардың аруағына мың тағзым. Ана мен бала енді ондай қасіретке лушар болмасын. Сталин бастаған “қызыл террор” авторларына мың лағынет.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар