//

Хиджабтағы қыз және демократия

2370 рет қаралды

Екінші курстың журналынан студенттерді түгендеп отырып, оның атына тағы көзім түсіп кетіпті. Өшіріп тастауға дәтім жетпеп еді, еріксіз сыздым. Айғаным, біздің студенттердің арасында ерекше жарқылдаған, болашағынан үміт күттірген қыз еді. Амал не, ол туралы осылай өткен шақта сөйлеп отырамыз деп кім ойлаған?! Оның менің сабағымнан оқыған хиджабқа қатысты жеке ой-толғамын тауып алдым. Өзі блог жүргізіп жүрген екен. Айғанымның алды иманды, арты қайырлы болсын дей отырып, назарларыңызға соңғы жазбаларының бірін ұсынуды жөн көріп отырмын.

Хиджабтағы қыз және демократия

Өзге қаладағы студенттік өмірдің 4-ші күні. Танымайтын группаластар арасында сырт келбетімен ерекшеленетін бір қыз көзіме түсті. Жақындадым. Таныстым. Есімі – Сандуғаш екен. Басындағы орамалы көзіме оттай басылды.

Орамал тағуының мәнісі, оған не себеп болғанын  білгім келді. Әттең, бірінші таныстығымыздан бұны сұрауға батпадым,  әдепсіздік болар деп ойладым. Бірақ, басындағы орамалы мені күннен-күнге өзіне тарта берді. Таныстығымыздың 5-ші айында  жаңадан « Жаңа медиа» атты сабақ енгізілді. Асхат ағайдың алғашқы сабағынан-ақ  « жаңа медиалас» досым – Сандуғаш атанды. Бәлкім, бағыма орай, бәлкім көптен күткен үмітімнің ақталғандығы  болар. Күндердің бір күні ағайымыз жаңа тапсырма берді. Бұл тапсырма «жаңа медиалас» досыңмен әңгіме құрау, одан бір ғибратты ой шығару. Міне, осылайша сұрағымды қоятын кез  келді деп қуандым.

Әңгіменің реті келіп шайға шақырдым. Бастапқы кезде қысылдым, не деп жауап берер екен, қалай қарар екен деп ойладым. Шүкір, ойлағанымдай болды. Алдымен, отбасылық жағдайын,  намазға қалай келгенін сұрадым. Айтты. Негізінде, намазды отбасында өзгермес жүйе бойынша қалыптасып қалған үрдіспен намаз бастағанын айтты. Әңгімелесе келе,  көптен күткен сауалымды қойдым. Оған да жауап таптым. Асылында, ол орамалды анасына еліктеп, тарта бастаған екен. Кішкентай кезінен көргені – анасының жаулығын тастамайтыны оның да санасына әсер еткені анық. Барлық қыздар бой жеткенде орамал тағуы міндет деген ой қалыптасыпты. «Болайын деген баланың бетін қақпай,белін бу»  демекші кішкентай 4 сынып оқушысының да “бой жеттім”  деген еркелігімен анасынан алғаш орамал тағуға рұқсат сұраған еді. Анасы “мұсылмандық жолды ұстанған қыз тек қана орамал тағып ғана қоймай, етек-жеңін жинап, ұзын киінуі де шарт екенін алға тартады. Мәнін түсінбесе де,  “анама ұқсасам”  деген арманының жетегімен  орамал таққан екен.

Басында оның бұл шешіміне ешкім қарсы болмапты, ешқандай проблема да тумаған.Бірақ, жылдар өте келе, бұған да кедергі келтірушілер табылыпты. 10- шы сынып оқып жүрген кезі. Ашулы ұстаз Сандуғашқа директор кабинетіне бару керегін айтқан екен. Ойында ештеңе жоқ ол директор кабинетіне кіргеннен кейін, бірден оған шүйліккен директор: «Орамалыңды шешпесең, оқудан шығасың», деген шарт қойған. Сандуғаш анасына барып, болған жайттың бәрін айтқан. Өздері ауылда тұрғаннан кейін, оны басқа мектепте оқытуға жағдайдың жоқ екенін айтып, анасы қызына орамалын уақытша шешуді ұсынған-ды. Амалсыздан, Сандуғаш сол күні орамалсыз сабаққа барды. Қиналды, күйінді,жылады бірақ, заң өз айтқанын істетті.  Мектеп бітіру кешінде енді бұларға бағынышты емеспін деген оймен орамалын қайта тақты.  Сонымен, қазір  мені өзіне баураған орамалың тағып жүр.

Ия, қазақ әрқашан Құдайдан аттамаған ұлт дейміз. Бірақ, бұл қаншалықты шын сөз? Құдайдан аттамаса, Құрандағы парыздан неге аттауда ? Мемлекетіміз зайырлы, демократты болды. Бірақ, неге үкімет неше түрлі гомосексуалдарға қарсы емес та, хиджабтағыларға қарсы? Неге хиджаб – қоғамның санасын улайды, арабтылықты насихаттайды дейді? Ал готтар, панктер ше? Хиджабтағы қыздар неге қоғамда өзге адамдардан төмен тұруы керек ? Асылында, демократия мен зайырлықты ұстанған мемлекет осыған қалайша жол беруде ? Біз шынымен демократиялық мемлекетпіз ба ? Ләйім, бұл сұрағым оң жауабын табар.

Айғаным Қыдырмен.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі