//

Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаев белгілі құқық қорғаушы Андрей Сахаров атындағы «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды

1089 рет қаралды

Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаев белгілі құқық қорғаушы Андрей Сахаров атындағы «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды, деп хабарлайды сыйлықтың ұйымдастырушылары ҚазТАГ агенттігіне.

«Сейітқазы Матаев белгілі құқық қорғаушы Андрей Сахаров атындағы «Ерлігі үшін» орденімен «Журналистика – батыл әрекет» атты номинацияда марапатталды. Сыйлықтың қазылар алқасы 2017 жылдың қорытындысы бойынша ондаған құқық қорғаушыларды, журналистер мен азаматтық белсенділердің кандидатураларын қарастырды. Сейітқазы Матаев құжаттарын сыйлыққа ұсынған жоқ болатын, алайда конкурстың ұйымдастырушылары оны сыйлыққа лайық деген шешім қабылдады », – деп хабарлады қазылар алқасы.

«Ерлігі үшін» ордені – белсенді азаматтық позициясы үшін билік тарапынан қуғынға ұшыраған белсенділерді марапаттайтын беделді наградалардың бірі. А.Сахаров атындағы сыйлық 2001 жылы тағайындалған еді. Қазылар алқасына жазушылар, журналистер, құқық қорғаушылар және әлеуметтанушылар кіреді. Олардың қатарында Владимир Войнович пен Светлана Алексиевич те бар. Андрей Сахаров қорғап келген құндылықтардың ішінде «Журналистика – батыл әрекет» номинациясы бойынша әр кезде Анна Политковская, Отто Лацис, Борис Вишневский, сондай-ақ «Азаттық радиосы», Би-Би-Си-дің орыс қызметі, “Эхо Москвы” радиостанциясының редакциялары да марапатталған болатын.

www.adilsoz.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі