/

Қостанайлықтарды қандай ақпаратпен кім, не үшін ренжітті?

709 рет қаралды

http://kostanay1879.ru/ сайтының иесі Арман Қозыбаев «Әділ сөзге» мына жайды хабарлады:
«Менің “Қостанай және қостанайлықтар” деген сайтым бар. Бұл – мыңдаған архивтік құжаттар мен фотосуреттерден т.б. тұратын тарихи өлкетану порталы. Сайтта заңға қайшы келетін ешнәрсе жоқ, онда әртүрлі жылдардың отбасы бойынша жүздеген тізімдер жарияланған және 10 жылға жуық уақыт ішінде қарапайым адамдар мен билік тарапынан алғыстардан басқа, менде ешқандай проблема болған жоқ.
Өткен аптада мен біздің облыстың Бөрлі елді мекеніне қатысты ақпаратты сайтқа салған едім. Президент әкімшілігі жетекшісі Жақсыбеков те осы жерде туып-өскен. Сол ақпаратта оның әкесі мәдениет саласының қызметкері, ал шешесі мұғалім болғаны жазылған, алайда осы ақпарат шыға салысымен, жарты сағаттан кейін сайт Қазақстан бойынша бұғатталып тасталды. Сайт Ресей хостингінде орналасқандықтан, шетелдерде ешқандай проблемасыз ашылады, ал Қазақстанда ашылмайды. Әрине, түрлі әдістерді қолданып, сайтты ашуға болады, бірақ менің сайтыма кіретін адамдар, көбіне, егде жастағы кісілер, сондықтан оларға айналма жолдармен сайтқа кіру қиындау.
Мүмкін, белгілі бір жерде елге танымал адамдардың аты-жөндерін «оқитын» бағдарлама тұрған шығар және соған қарап, біреулер сайтты бұғаттау туралы шешім қабылдаған болар. Алайда ешкім маған «басқа адамдар зардап шекпес үшін, ана ақпаратты алып таста» деп байланысқа шығып, ескерту жасаған жоқ».

«Әділ сөздің» түсініктемесі:
Жеке деректерді жариялау қазір қиындап кетті. Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылдың 8 қаңтарынан бастап «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға өзгертулер енгізіліп, олар күшіне енді. Енді журналист бұқаралық ақпарат құралында жеке, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды тарату үшін – жеке және (немесе) заңды тұлғадан, не болмаса олардың өкілдерінен рұқсат алуға МІНДЕТТІ. Егер осы мәліметтер ресми жарияланымда көрсетілсе, сондай-ақ (немесе) жеке және (немесе) заңды тұлғаның өзі я болмаса олардың өкілдері сол мәліметтерді таратса және ол деректерге шектеу қойылмаса, сонда ғана бұл мәліметтерге жаңа заңның күші жүрмейді.
Сонымен, ақпараттың дереккөзіне байланысты: рұқсат алу керек пе, жоқ па деген мәселені шешу керек. Бұл – біріншіден. Екіншіден, сайтта орналасқан ақпарат заңмен қорғалатын құпияға жата ма, жоқ па – оны да анықтап алу қажет.
Үшіншіден, және бастысы: Арман Қозыбаев хабарлаған сайтты бұғаттау оқиғасы – заңсыз, себебі бұл жерде азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығы бұзылып тұр.
Сайтты сот шешімінің негізінде ғана бұғаттауға болады. Соттың шешімінсіз сайтты тек ҚР ҰҚК бұғаттай алады, оның өзінде істі кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда және аса ауыр қылмыстар жасалынған кезде ғана. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы, оның орынбасарлары немесе ҰҚК-ның аймақтық органдары басшылары немесе олардың орнында жұмыс істеп жүрген адамдар интернет-ресурстарды немесе оларда орналасқан ақпараттарды жедел іздестіру шараларын ұйымдастырған субъектілердің мүддесін қорғау мақсатында бұғаттай алады, бірақ олар артынан бұл әрекеттері туралы байланыс саласындағы өкілетті органға және ҚР Бас прокуратурасына 24 сағаттың ішінде ескертулері керек. Заңның осылай жазылуы, іс жүзінде, ҚР ҰҚК қызметкерлеріне шексіз құқық береді. Мына жайға назар аударыңыз, заң шығарушылар ҚР ҰҚК сайтты бұғаттағанда, ол туралы Бас прокуратура мен Министрлікті ескерту керектігін міндеттейді, бірақ сайттың иесіне хабарлау керектігі туралы ештеңе айтпайды…
Осындай жағдайға тап болған журналистер, алдымен, қай мекеме сайтты бұғаттағанын анықтап алғаны дұрыс, содан кейін заңсыз әрекетке орай шағым жазу жағын шешуге болады. Мына ұйымдарға ресми түрде сауал жолдауға кеңес береміз: ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі.

www.adilsoz.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі