
Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезекті XV құрылтайында белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа Төрағасы болып тағайындалды , – деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Құрылтайды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Жиында негізгі баяндама жасаған Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нұрлан Оразалин қаламгерлер одағы атқарған жұмыстарға кезең-кезеңімен шолу жасап өтті.
«Қазақстан жазушылар одағы Кеңес одағы кезіндегідей идеологиялық құрал емес. Олай болуы да мүмкін емес. Біз құқықтық қоғамда өмір сүріп жатқан еркін қаламгерлердің еркін бірлестігіміз. Ондаған, жүздеген қоғамдық ұйымдар сияқты біз де қоғамдық бірлестіктердің бірі ғанамыз. Заңда көрсетілген талаптарға сай жарғымызда көрсетілген баптарға байланысты өмір сүруге міндеттіміз. Бүгінде одақтың құрамында 780-нен астам қаламгер бар. Әдебиет дейтін киелі ұйымға 84 жыл ие болған Жазушылар одағының жұмысын түгел түгендеу мүмкін емес, біз соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды айтып шықтық. Ұйым одақ негізін қалаған Алаш арыстары заманында да, одан кейін Мұхтар, Ғабиттер басшылық еткен кезеңде де жойылып кетпеген. Жазушылар одағында өткен 22 жыл мен үшін үлкен мектеп болды. Барлығыңызға алғысымды айтамын. Өзіме бата берген ағаларым аруағы алдында басымды иемін. Осы мінбеден барлығыңызға ризашылығымды айта отырып, төрағалыққа сайлауға түспейтінімді жеткізгім келеді. Енді жаңадан сайланатын бауырларымызға сәттілік тілеймін. Әдебиетіміз мәңгі болсын!», – деді Нұрлан Оразалин.
Ал, Жазушылыр одағының жаңа басшысы Ұлықбек Есдәулет болашақта “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жаңа серпінмен жұмыс жасайтынын мәлімдеді. Одақ төрағасының орынбасарлығына Бақыт Беделхан, Ақберен Елгезек секілді елге белгілі қаламгерлерді ұсынды.
Біз Жазушылар одағының жаңа құрамын құттықтап, істеріне сәттілік тілейміз!
Abai.kz
Ұлықбек Есдәулет Жазушылар Одағының төрағасы болып сайланды

Соңғы жазбалар
Ашаршылық туралы қанша көп айтылса да, ол – қазақтың генофондына айрықша ықпал еткен, тіпті дүниетанымның өзгеруіне
Қазақстан мектептеріндегі тәжірибе жекелеген білім беру ұйымдарының бастамасымен шектелмейді. 2026–2027 оқу жылынан бастап жасанды интеллект жалпы
Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотында ұялы байланыс операторларының арасындағы шағым бойынша азаматтық іс қозғалған.
Еліміздің ай таңбасындай болған аса көрікті Алматы қаласының бүгіні мен болашағы, келешектегі болмысы кім-кімді де бейжай
Қыркүйектің 10-нан бастап еліміздің барлық кинотеатрында болған оқиға желісімен түсірілген «Қара алтын» мотивациялық бизнес-драмасы көрсетіле бастады.
Орал қаласында қазанның 1-інен бастап қоқыс шығару тарифі 659 теңге болады. Осылайша шаһарда қатты тұрмыстық қалдықтарды
Орал қаласының күніне орай Жайық жағасын жетінші рет ат дүбіріне бөлеген «Жайық жүйрігі – 2026» өтті.
ҚПЛ 26-туры аясындағы кездесуде «Қайрат» өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасынан 1:4 есебімен жеңілді. Кездесу барысында алматылықтар
СУҒА КЕТКЕН ТАЛ ҚАРМАЙДЫ Отыра берсем отыра беретін-мін. Мен ондай еркіндікке жеткен жоқпын. Орнымнан әзер тұрып
Соңғы бірнеше айдан бері Ақтөбе қаласында жаңадан салынатын мыс өңдеу зауытына қатысты айтарлықтай қоғамдық пікірталас жүріп