
Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезекті XV құрылтайында белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа Төрағасы болып тағайындалды , – деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Құрылтайды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Жиында негізгі баяндама жасаған Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нұрлан Оразалин қаламгерлер одағы атқарған жұмыстарға кезең-кезеңімен шолу жасап өтті.
«Қазақстан жазушылар одағы Кеңес одағы кезіндегідей идеологиялық құрал емес. Олай болуы да мүмкін емес. Біз құқықтық қоғамда өмір сүріп жатқан еркін қаламгерлердің еркін бірлестігіміз. Ондаған, жүздеген қоғамдық ұйымдар сияқты біз де қоғамдық бірлестіктердің бірі ғанамыз. Заңда көрсетілген талаптарға сай жарғымызда көрсетілген баптарға байланысты өмір сүруге міндеттіміз. Бүгінде одақтың құрамында 780-нен астам қаламгер бар. Әдебиет дейтін киелі ұйымға 84 жыл ие болған Жазушылар одағының жұмысын түгел түгендеу мүмкін емес, біз соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды айтып шықтық. Ұйым одақ негізін қалаған Алаш арыстары заманында да, одан кейін Мұхтар, Ғабиттер басшылық еткен кезеңде де жойылып кетпеген. Жазушылар одағында өткен 22 жыл мен үшін үлкен мектеп болды. Барлығыңызға алғысымды айтамын. Өзіме бата берген ағаларым аруағы алдында басымды иемін. Осы мінбеден барлығыңызға ризашылығымды айта отырып, төрағалыққа сайлауға түспейтінімді жеткізгім келеді. Енді жаңадан сайланатын бауырларымызға сәттілік тілеймін. Әдебиетіміз мәңгі болсын!», – деді Нұрлан Оразалин.
Ал, Жазушылыр одағының жаңа басшысы Ұлықбек Есдәулет болашақта “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жаңа серпінмен жұмыс жасайтынын мәлімдеді. Одақ төрағасының орынбасарлығына Бақыт Беделхан, Ақберен Елгезек секілді елге белгілі қаламгерлерді ұсынды.
Біз Жазушылар одағының жаңа құрамын құттықтап, істеріне сәттілік тілейміз!
Abai.kz
Ұлықбек Есдәулет Жазушылар Одағының төрағасы болып сайланды

Соңғы жазбалар
Фото: А. Шамай 400 мыңнан астам халқы бар Оралда нормаға сай 40 жедел жәрдем көлігі болуы
Қазақстанда журналистердің кәсіби қызметіне қойылатын шектеулер соңғы уақытта бірнеше іс бойынша көрініс тапты. 2026 жылғы 31
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі Оралдағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны шілденің 27-сінен бері жанып жатыр. 37
Гонконгте семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Аталмыш додада Қазақстан ерлер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп,
Фото: ЖИ құралдарын пайдаланып жасалған Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады. Астанадағы жедел жәрдем станциясының үш
Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубының негізгі құрамындағы алғашқы ойынында голымен көзге түсті. 17
Фото: ҚР Орталық сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын партиялық тізімдерді тіркеуді аяқтады.
Фото Нәзира Дәрімбеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры қазақстандық белгілі
2016 жыл. АҚШ, Нью-Джерси. MetLife Stadium. Копа Америка финалы. Аргентина тағы да шешуші ойында сүрінді. Чили
Әлем кубогінің финалында Аргентина мен Испания кездеседі. Бұл – тек алтын жүлде үшін тартыс емес, тұтас