//

Конкурсқа қатысыңыз

862 рет қаралды

«#МеніңАтамекенім» фото және видео байқауын жариялаймыз!

Бұл конкурс туған өлкесін мақтан тұтатындар және суретке түсіп, видео таспалауды сүйетіндер үшін!

Байқауға қатысу үшін керемет фотограф болу міндетті емес. Бізге Сіздің ұшқыр қиялыңыз бен ауылыңызда бар айрықша нысан туралы пікіріңіз аса маңызды!

Ол үшін ауыл мәдениетін бейнелейтін көріністі, қайталанбайтын нысандарды таспаға түсіресіз. Сосын фотосуретті немесе видеоны Facebook және Instagram желілеріне #МеніңАтамекенім хештегімен жүктейсіз, болғаны осы ғана! Сіз – байқау қатысушысыз! #МеніңАтамекенім әлеуметтік желі қолданушылары үшін пост ашық жариялануы керек.

Ал, біз әр апта сайын байқау қорытындысын жариялап, үздік туындыларды таныстырамыз.

Байқау бүгіннен бастап 18 тамызға дейін жалғасады!

Оған қатысушылардың жұмысын кәсіби сарапшылар бағалайды. Байқау соңында әр өңірден 1 жеңімпаз таңдап алынады. Үздіктерге бағалы сыйлықтарымыз дайын!

Ал, ақтық сында ең жүйрік танылған қатысушы өз ауылы туралы түсірілетін фильмнің басты кейіпкеріне айналады! “#МеніңАтамекенім”.

Байқауды ұйымдастырушы: «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі
Байқауды өткізу кезеңі: 2018 жылдың 18-шілдесі мен 18-тамызы аралығы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі