//

Қазақстан қоғамы Сайрагүл Сауытбайға араша сұрайды

230627 рет қаралды
1

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевқа

Қазақстан Республикасының
азаматтары атынан

А Ш Ы Қ Х А Т

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сізге мемлекетіміздің ең жоғарғы лауазымды тұлғасы және Қазақстан Республикасы Конституциясының кепілі ретінде жолдана отырып, келесі мәселе бойынша Өзіңіздің жеке араласып саяси шешім қабылдауыңызды сұраймыз.
Қазіргі кезде Алматы облысы Панфилов аудандық сотында, заңсыз шекара бұзғаны үшін ҚХР азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты қылмыстық іс қаралуда.
Өзіне тағылған айыпты Сауытбай толығымен мойындауда, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын бұзу себебін, 2016 жылдан бері ҚР азаматтығын алған отбасымен қауышу, сонымен қатар, бұдан әрі ҚХР тұру мүмкін еместігі себебімен түсіндіреді. Себебі, аталған мемлекеттің ШҰА округінде аз ұлт өкілдері, оның ішінде этникалық қазақтарға қатысты жаппай адам құқығын бұзу фактілері орын алуда.
Ол туралы халықаралық құқыққорғау ұйымдарының есептерінде де көрсетілуде (жалғанды).
Қазақстанның қылмыстық заңнамасына сәйкес, бұндай қылмыстар үшін елден шығару – міндетті қосымша жаза ретінде көрсетілген.
Алайда Сауытбай елден шығарылған жағдайда, ҚХР қылмыстық заңнамасына сәйкес, оны өлім жазасы күтіп тұр, себебі;
– Ол ҚХР-да мемлекеттік қызметте болған;
– ҚХР Коммунистік партиясының мүшесі болған;
– Этникалық қазақтарға арнап салынған концлагерь қызметшісі ретінде, ҚХР мемлекеттік құпияларын білген.
Бәрімізге белгілі, Қазақстан Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға қосылған ел, оны 1998 жылы ратификацияладық, сонымен қатар, 2006 жылы Азаматтық және саяси бостандықтар туралы Халықаралық пактіге де қосылғанбыз. Аталған халықаралық шарт нормалары кез-келген азаптау мен қатыгездік орын алу қаупі бар елдерге адамды беруге, шығаруға тиым салады.
Қаіргі кезде, Сайрагүл Сауытбайға қатысты қаралып жатқан іс және ҚХР ШҰАО-гі этникалық қазақтардың жағдайы тек елімізде ғана емес, сонымен қатар әлем бойынша кеңінен талқыланып, қоғамдық резонанс тудыруда (әлемдік БАҚ мақалаларына сілтеме жалғанды).
Осы тұрғыда Сіздің тарапыңыздан Сайрагүл Сауытбайды Қытайға бермеу туралы шешім қабылдағаныңыз, Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы, тәуелсіз және құқықтық мемлекет ретіндегі беделін нығайта түсері сөзсіз!
Аталғандардың негізінде, Сізден осы мәселеге араласып және:
– Халықаралық шарттар нормаларының орындалуын қамтамасыз етіп, Сайрагүл Сауытбайды ҚХР-а бермеуге ықпал етуіңізді,
– Сайрагүл Сауытбайға мерзімінен бұрын азаматтық беруді,
– ҚХР тарапының ерекше қызығушылық танытуы себепті, Сайрагүл Сауытбайды қорғауға алуды қамтамасыз етуді сұраймыз!

Құрметпен,

Қорғаушы – адвокат А.Т.Құспан

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Сайрагүл

    Шенділер жүр сусылдап шылымдатқан,
    Кәперіне кірмейді шығын батпан.
    Шығысымнан боз торғай шырылдайды,
    Әділетті әлемді шуылдатқан.

    Бір бейбақты тірі үйтіп байқар қауып,
    Біреу үшін бұл мүмкін тарқар сауық.
    «Несі бар,- деп есі бар қазақ айтқан,–
    Арқада аяз болмаса арқар ауып».

    Бәрі жаннан өзгенің шығып жатқан,
    Кім безгісі келеді шырын-бақтан.
    Елім деген қызына кісен салып,
    Бізден басқа бар ма ел шырылдатқан?!

    Ана жасын кім екен, сорғалатқан?
    Бала жасын көрдің бе, сор боп аққан?
    Боранда ыққан торғайды,
    Несіне елсің,
    Бұта құрлы болмасаң қорғалатқан!
    23.07.2018. Алматы

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар