//

«Әлемді жылатқан хатқа» қайта оралу

939 рет қаралды

Американың Голливуд жұлдыздары Брэд Питт пен Анджелина Жоллиді киносүйер қауымға таныстырып жатудың қажеті бола қоймас. Алайда 2013 жылы «әлемді жылатқан хат» аталып кеткен  Брэд Питттің жазған хатын, зорлық пен зомбылық, қатыгездік пен қаныпезерлік асқынып, адамдардың өз ара қарым-қатынасына салқындық түсіп, мейірім мен адамгершілік азайып, үй-іші, отбасылық байланыстар ретсізденіп, ата-ана мен бала арасындағы махаббатқа селкеу түскен бүгінгі қоғамда еске түсірудің артығы болмас. Енді сол хатты оқиық.

«Менің әйелім ауырып қалды… Ол жұмыстағы, өз өмірінегі келелі мәселелерге болсын, қара басының сәтсіздіктері мен бала-шағаларға байланысты туындаған жайларға болсын қарадай күйіп-пісіп мазасыздана берді. 35  жасында 15 кг арықтап, салмағы бар-жоғы  40 кг-дай ғана боп қалды. Үнемі жылап-сықтап, күйзеліп, сіркесі су көтермей,  бәр-бәріне қолды бірақ сілтеп еңіреумен болды. Оны ешбір нәрсе қуанта алмады.  Басы, жүрегі үнемі ауырады. Жон арқасы мен қабырғасынан қадалады. Ұйқысы қашты, таң алдында көзі ілінеді. Әбден шаршады, ұйқысы қанбады.

Біздің қарым-қатынасымыз қыл үстінде тұрды. Оның сұлулығы күннен күнге солып бара жатты. Көзінің астыңғы жағы көлбіреп, дорбалана түсті. Белі бүкірейіп, өзіне де қарауды қойды. Ол киноларға суретке түсуден, тіпті кезкелген рөлдерден бас тартты. Менің де үмітімнің үзілгені сондай кешікпей екеуіміз екі тарапқа кетеміз-ау деген ой мені меңдеп алды.

Сөйтсе де мен қол қусырып, қарап отырмауға бел будым. Тағдырдың  жазуымен маған әлемнің ең сұлу әйелі бұйырды емес пе. Ол болса жер бетінің еркектері мен әйелдерінің тең жартысынан астамына үлгі-өнеге, идеал болған әйел, ал мен болсам онының қасына жатып, иығынан қапсыра құшақтау бақытына бөленген жанмын.

Мен оны гүлдерге бөлеп, сүйіп-құшып, жақсы сөздермен жарылқай бастадым. Кенеттен сый-сияпат жасап, сәт сайын қуанта бердім. Тарту-таралғы әкеліп, бір сөзбен айтқанда ол үшін өмір сүрдім. Көптің алдында тек ол туралы айттым. Барлық әңгіме тақырыбын соған қарай бағыттадым. Оны өзімнің және біздің дос-жарандарымыздың алдында мақтадым.

Сөйткен сайын… Сенбейсіз-ау… ол болса жасарып, жайнай түсті. Бұрынғысынан да құлпырып, әдемі болып кетті. Салмағы толып, күйгелектенуді мүлдем доғарып, мені бұрынғысынан да жақсы көретін болды. Мен оны мені тап осылай жақсы көре алады деп ойламағанмын, үш ұйықтасам ойыма да кірмегенді. Сонда барып мен Әйел дегеніміз ер адамның айнадағы бейнесі екенін түсіндім. Егер сен оны шын жүрегіңмен, жан тәніңмен жақсы көре білсең, ол қалауыңша, шынында да гүлге айналады…..» Брэд Питт.

Қарамер

URL: http://www.fact.mn/139236.html

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі