//

Шетелдегі қазақ диаспораларын естен шығармаған абзал

1114 рет қаралды

Моңғолия республикасының ұлттық статистика қызметінің деректері бойынша былтыр сол елдегі қазақтардың саны 114 мың 506 адам болыпты. Жалпы, ел халқының 3,9 пайызы екен. Ал Баян Өлгей аймағындағы тұрғындардың 75,5 пайызын қазақтар құрайды. Моңғолия қазақтарына қатысты статистикаға зер салсақ әйелдер мен ерлер санының шамамен бірдей екендігін байқаймыз. Моңғолдағы қазақтардың 57028-і ер азамат, 57478-і әйел адам. Бізде ерлер 48,4 пайыз, әйелдер 51,6 пайыз. Қазақстанда 15 жасқа дейінгі балалардың үлесі 21,6 пайыз. Моңғолия қазақтарында 0-14 жас аралығындағы балалардың үлесі 35 пайыз. Бақандай 35 пайыз!
Ал, 15 тен 24 жас аралығындағылар 19,4 пайыз. 25-34 жас аралығындағылар 16,9 пайыз. Сонда ол жақтағы қазақтардың 71,3 пайызы 35 жасқа дейінгі азаматтар болып шығады. Демек, Моңғолия қазақтарының демографиялық қуаты тамаша деген сөз. Меніңше Қазақстан шетелдердегі диаспораларға қолдау көрсету, көші-қон процесін ұйымдастыру ісінде осындай демографиялық жағдайды да ескеруі керек сияқты. Қытайдағы қазақтарды көшіріп алуға тырыса отырып, Моңғолиядағы қазақтарға рухани-мәдени, экономикалық қолдау жасаған дұрыс шығар. Мамырда Үкімет «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» бекіткен. Онда диаспораларды қолдауға қатысты нақты жоспарлар бар. Соның ішінде шетелдегі қазақтарды Қазақстан университеттерінде оқыту да қарастырылған. Моңғолия қазақтары да біздің елдің жоғары оқу орындарында көптеп оқып жүр. Ал, олардың көбі оқу бітірген соң осында қалуға тырысады. Яғни, біз «төлді» алып қаламыз. Диаспоралар мәселесінде меніңше осы тәсіл де тиімді сияқты. Үлкендер туып-өскен жерлерін қимай отыра берсе де, жастары біздің қатарымызды толықтырады.
Айтпақшы, шілденің 14-17 күндері Баян Өлгей аймағының орталығы Өлгей қаласында болған су тасқынынан 929 үй, 4500 ге жуық адам зардап шегіпті. Соның ішінде 110 баспана тұтас қираған, 154 үй адам тұруға жарамсыз деп танылыпты. 266 баспанаға айтарлықтай зардап шеккен, 399 баспана орташа деңгейде зиян шексе керек. Басында Моңғол үкіметі су тасқынынан зардап шеккендерге 80 киіз үй беріпті. Кейін қала маңынан 250 жер телімі үлестірілген көрінеді. Тек осы жолы біз өзге мәселеге алаңдадық та, Баян-Өлгейдегі жағдайға қатты көңіл бөле алмадық. Президенттің 2016 жылы премьерге тікелей тапсырма бергеніндей қиыр жайлап, шет қонған қазаққа қатысты бір бұйырғы болса ғой, шіркін.
«Қазақ баласы қай елде тұрса да Ұлы Далада Мәңгілік Ел құрып жатқан байтақ Қазақстанның ажырамас бөлшегі екенін жүрегінің төрінде ұстасын!»,-деп еді Президент былтыр. «Сырттағы ағайын әрдайым көңіліміздің төрінде» дегені тағы бар. Бір қызымызды арашалап алдық, енді бір қауым елге жәрдем қылсақ деген тілек біздікі.

Амангелді Құрметұлының

фейсбук парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі