/

Кубулықтар сияқтымыз

603 рет қаралды

Вилгельм Фольц атты жазушының “Суматраның жан баспаған орманында” атты очеркінен мынадай сөздерді кезіктіріп, өз қазағым есіме еріксіз оралды. Автордың кітабында Суматраның ну ормандарын мекендейтін кубу атты шағын тайпаның өмір дағдылары баяндалады. Олардың әлі күнге дейін қауымдық өмірден шыға алмауы, біз танкі мен телефонның, телевизор мен магнитофонның заманында өмір сүріп жатқанда, бұл халық жабайы жемістерді жинап күнелтіп жатыр. Күнделікті тағамын қарны ашқан кезінде іздейтін көрінеді. Әрине біз тек жеміс-жидек теріп күнелтіп жүрміз деп айтайын деп отырған жоқпын. Бірақ ұқсас қылықтары, көп. Мәселен, біз ғылым мен білімге аса  салғыртпыз. Ұтылысымыз да осында  түсінбей жүргендіктен, осындай күйге түскенімізді жеткізгім келді.

«Кубулықтар (Индонезияда мекендейтін тайпа) көбінесе көшпелі өмір сүреді. Ормандағы піскен жемісті іздеп, өз аймағын тынымсыз кезеді екен. Олар барлық уақыты мен күшін тамақ  іздеуге арнайды».

Біз де көп уақытымызды күйбең тіршілікпен өткізіп келеміз. Қарын мен ұйқының есебін түгендеп жүріп күніміздің қалай өтіп жатқанын аңғармаймыз. Бізде өмірден рахат алу, бос уақыт, жеке өмір мен заманауи ғылымға қарайлауға уақытымыз тым аз. Күн ұзақ біздің мақсатымыз қалай да талғажау ететін тамақ табу, тұрақты жұмыстан айырылып қалмау, әйтеуір аш қалмаудың қамын күйттеу.

«Құстардың ұясындағы жас балапандарды алатын кездері де болады. Қажетті қарулары болмағандықтан, аң мен балық аулау кубулықтардың тұрмысында өте үлкен рөл атқармайды. Қарындарын тойдыру үшін оларға ұзақ та қажырлы түрде азық-түлік терумен айналысу қажет. Егер тағамдық дүние көп болса, оны тауысқанша, әбден тойғанша жейді. Бірақ аш ұйықтайтын кездері де жиі болып тұрады».

Біз қажетті білім мен заманауи құралдарды жетік білмегендіктен олар біздің өмірімізде айтарлықтай маңызға ие емес /бұл жерде заманауи техника дегеніміз Facebook, You Tube немесе Google емес/. Егер бізде қазба байлықтар, жер асты мұнайымыз көп болса, біз оны қашан тауысқанша пайдаланамыз. Бірақ кейде нарықта оның құны көк тиын болып қалғанда ауыр дағдарысқа ұшырайтын кездеріміз де жиі болып тұрады.

«Кубулықтар әлі бірнеше банан мен бүлдірген сақтап қоюға болады деген ойға жеткен жоқ. Олар қарнын тойдыруға қажетті мөлшерде ғана тереді. Тергендерінің барлығын жеп тауысады».

Бізге жер астындағы байлығымызды, табиғаттың сыйын келер ұрпақтарға сақтап қою керек, олар да оның рахатын көруі тиіс деген ой миымызға әлі жеткен жоқ. Біз өз құлқынымызды қашан тойдырғанша тыным таппаймыз. Өндірген дүниелеріміздің барлығын таусылғанша пайдаланып тастаймыз. Себебі аз нәрсені сақтау, өзге амалдарын қарастыру, ілім мен ғылымға бет бұру деген дүниелер миымызда әлі күнге дейін орнықпаған.

Р. Рамазанұлы, тарихшы, “ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЗУШЫЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ” мүшесі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі