//

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің YI саммиті

2688 рет қаралды

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммиті Қырғыз Республикасының  Шолпан-Ата қаласын басталды.

Сапар барысында президент ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековті Қырғыз Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, бауырлас халыққа тыныштық пен тұрақтылық және бақ-береке тіледі.

– Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен әрдайым Қырғызстанды қолдап келемін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі ел арасында жол картасы қабылданып, үкіметаралық комиссия тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты.

– Сіз Президент болып сайланғаннан бері біз жиі кездесіп, көптеген мәселелерді талқыладық. Екі жақты қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілуде. Сауда-саттық көлемі артып келеді. Бүгінде елдеріміз арасындағы барлық проблемалар, соның ішінде шекаралық мәселелер толық шешімін тапты, – деді Қазақстан Президенті.

Сооронбай Жээнбеков шақыруын қабыл алып, Шолпан-Атаға келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары кездесу соңында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі