///

Алты Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға өзі оқыған оқу орнында ескерткіш тақта орнатылмақ

2817 рет қаралды

Алты Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 1890-1894 жылдары оқып бітірген бұрынғы Императорлық Орман институты, қазіргі Санкт-Петербор мемлекеттік орман-техникалық университетінің Ғылыми кеңесі бас ғимаратының маңдайына өзінің даңқты түлегі, 2015 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясынының 38-сессиясы «бүкіл әлемдік шынайы даңқты қайраткер» деп таныған Әлихан Бөкейхан туралы естелік тақта орнату туралы ұсынысты 27 дауыспен қолдап, 7 дауыс қарсы, 5 дауыс қалыс қалып, басым көпшілік дауыспен мақұлдады.
Ескерткіш тақта орнатуды «Ақ жол» Демпартиясының Азат Перуашев бастаған парламенттік фракциясы ұсынып, Орман-техникалық университетінің ректорына арнайы хат жолдады. Оған қоса «Ақ жол» Ресей Мемлекет Думасын да іске жұмылдырды, атап айтқанда – «Справедливая Россия» партиясының Мемлекеттік Думадағы С. Миронов бастаған фракциясы қызу қолдау көрсетті. Нәтижесінде осындай қуанышты шешім қабылданды.
Одан бөлек «Ақ жол» партиясы ұлт көсемінің қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын (1922-1937 жж.) өткізген Мәскеудегі Б. Кисловский орамы, 4 үйі мен Самара қаласындағы 1909-1917 жылдары тұрған Казанская көшесі, 30 (қазір 32 үй) үйіне де естелік тақта орнату ісі қолға алып отыр. Бұл игілікті іске байланысты «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі фракциясы Мәскеудегі Елшілікке тиесілі хат жолдады. Енді Мәскеуден хабар күтіп отырмыз.

Cұлтан Хан Аққұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі