//

Димаш Құдайберген және қазақы мінез

1012 рет қаралды

Димаштың Әмерикада болып өткен халықаралық The World’s Best сайысының соңғы  айналымынан бас тартқаны әлем ақпараттарында айтарлықтай әңгіме болып жатыр. Димаш осы шоу сайыстың кезекті айналымда  ақырғы әнін орындап, қазылар мен теледидар көрермендерін тағы да бір мәрте теңдессіз дара, дала дауысымен тәнті еткеннен кейін қасына аудармашысын шақырып алып, өзіне аса зор ілтипатпен қайран қала, бар жақсы, бар мақтау сөздерін ақтара сөйлей жеткен жүргізушіні оң жағына ала тұрып келесі, соңғы айналымға шықпайтынын, қаршадай екі қарылғашқа жолын беретінін паш еткенде әннен алған әсерден әлі де арыла алмай бас шайқап, таңдай қағып, ауыздары аңқиып отырған залдағы көрермендер гу етіп, әңкі-тәңкі болды да қалды. Қазылар алқасының да бірнешеуі қол соғып, қошемет көрсеткенде, енді бір екеуі аң-таң болып тілдерін тістеп, ауыздарын басып, өң-түсі өзгеріп сала берді. Қынжылыстарын жасыра алмай, мұның не деген сұрақ қойды. Димаш болса іркілместен, қаймықпастан, мен жолымды мына бүлдіршіндерге бердім, мен сіздердің алдарыңызда ән шырқағаныма өзімді бақытты сезінемін деген сөздерін тілмаш арқылы жеткізгенде қазылар алқасы, «біздің мақсатымыз аса талантты анықтау, сен осыны алдын ала біліп келдің ғой» деп өз реніштерін де жеткізіп жатты.

Сөйтіп Біздің Димаш Құдайберген Әмерика төрінде екі ерлік, нағыз қазақ мінезін танытты. Оның біріншісі, Димаштың біздің мүйізі қарағайдай, аты дардай ел атынан сөйлеуге қақылы әрі құқылы дипломаттарды шаң қаптырып, қазақ тілінде басқа жұртпен тілмаш арқылы сөйлесуі құлдық санадан азат азамат екенін, өзінің мемлекеті барлығын, сол мемлекеттің мемлекеттік тілі барлығын, онымен кіммен де, қандай сала да, қандай жерде де терезесі тең дәрежеде сөйлесуге болатындығын көрсетті.

Ал ,екіншісі өздеріңізге мәлім: арқыраған арғымақ, осы шоу сайыссыз да әлемге аты жайылып болған, дауысына дүние жүзінің құлақты жұрты бас иген Димаштың шынында да құлын-тайлармен тайталаспауы, оларды асудан асар тұста, сын сағаттың үстінде алдына салуы қызылкөз, ақша десе анасын да сатып жіберердей жәдігейлік етек алған, өзі тойса да көзі тоймайтын қорқаулық жайлаған қоғамда миллионнан бас тартуы. Ерлік! Димаштың осы екі қадамы білген жанға, қазақ қоғамының басшысына да, қарасына да үлгі-өнгеге боларлық азаматтық деп білеміз.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі