//

Елбасы Н.Ә. Назарбаев ең соңғы жарлығына қол қойды

1237 рет қаралды
1

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 жыл 3 ай 3 күн ҚР-ның Президентін атқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Президенттік өкілеттігін тоқтатып, ең соңғы президенттік жарлығына қол қойды. Халқына рахметін, шешім қабылдау оңай болмағанын айтты. Көрдік. Көңіл толқыды. Ойланып қалдық. Жасы ұзақ болсын деп тіледік! Ел аман, жұрт тыныш болсын. Алла қазаққа адал басшы сыйласын!

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. АТА ҚАЗАҚ

    Сарыарқаның
    маңдайлым, даласындай,
    Парасатың Фараби санасындай.
    Жомарттығың Жетісу саласындай,
    Ақыл-ойың – дария,
    Ал құшағың,
    Атырау мен Алтайдың арасындай!

    …Қос қапталдан қусырған құлама шың –
    Тас қапастан құтқарған Ұлы Анасын,
    Арыстаным айбарлы,
    Данышпаным,
    Ғалымдардың ұстазы – Ғұламасың!

    Көк байрағым – қанатың
    Самғағаның,
    Көктен жаңа түскендей таңғаламын.
    Темірқазық жұлдызым аспандағы,
    Абылайым,
    Жердегі таңдағаным!

    Тау суындай қуатың арқыраған,
    Тас алмастай қайратың жарқыраған.
    Үш жүз емес,
    Жүз жұрттың басын қостың,
    Қасың көріп,
    Қараңнан қалтыраған.

    Нұрлы жолың барады тартып тыңға,
    Шар болатым, шыныққан алтын тұнба.
    Бүгін сенген ел-жұртың, сенеді ертең,
    Сенен дана
    Табылмас артық Тұлға!

    Ақиқатқа айналды бастамаңыз,
    Көрегендік куәсі –
    Бас қаламыз.
    Дүниенің жар салам Қазағына,
    “Аталсын,- деп НҰРСҰЛТАН Астанамыз!!!”

    …Алған ұлың Құдайдан Бата Қазақ,
    Ұмытылмас мына күн – Дата Қазақ.
    Аспандатқан ғарышқа Алашымды,
    Елтұтқасы Нұрсұлтан –
    АТА ҚАЗАҚ!!!
    2005 ж.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі