//

ХАЛЫҚТЫҢ ХАЛІ ТӨМЕН ҚАТАРЫ ҚАНДАЙ ІСТІ АҚЫЛДАСПАДЫ?

724 рет қаралды

ХАЛЫҚТЫҢ ХАЛІ ТӨМЕН ҚАТАРЫ ҚАНДАЙ ІСТІ АҚЫЛДАСПАДЫ?
МИЛИОН ОРАЛМАННЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ ҚАЛАЙ?

НҰР ОТАН ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ 21 ТАМЫЗДАҒЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІНДЕ ПАРТИЯ КӨСЕМІ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПАРТИЯНЫ ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ ЖАҢАША ЖАРЛЫҚ СИПАТТЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ. ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ ҚАДАҒАЛАП ТАПСЫРДЫ. БӘРІ ДЕ БАЯҒЫДАЙ ТҮСІНІКТІ АЙТЫЛДЫ. КӨҢІЛГЕ ҚОНДЫ.
Сөз арасында Елбасы көп балалы отбасыларға арнап:
Тәуелсіздік алған жылдары күн сайын жүздеген мәлімдеме жасап, ел ішінде мыңдаған сапар жасадым. Себебі жұмыс та, айлық та жоқ еді. Дүкен сөрелері бос тұратын. Сол кезде бәрі: “ақша бер!” дейтін. Мемлекетте ақша жоқ болса нені береді? Қазір сол отыз жыл бұрынғы лозунгіні көтеріп, “маған бер, менің балам көп, айлығым аз” дейді. Сен не ойладың? Бұл – сенің мәселең ғой, сен бұрын мемлекетпен ақылдаспадың ғой” деді.
Бұдан ілгергі сөздерінде “Көп балалы, тұрмысы төмен отбасылар мелекет қамқордығында” екенін айтып келген басшының бұл сөзін тосын қабылдадық және олардың КІММЕН АҚЫЛДАСУЫ КЕРЕК БОЛҒАНЫН, НЕНІ АҚЫЛДАСУЫ КЕРЕК ЕКЕНІН де дәл таппадық.
Оған қоса тұңғыш президентіміз: “милион оралманды біз (елімізге) алып келдік. Бірде-бір (бізден басқа мемлекет) оны істеген жоқ. Алып келіп, “жұмыс істеңдер, балаларың үйренсін, өссін” десек, олар айтады: маған беріңдер (деп). Жұмыс істеңдер! Жұмыс істемесеңдер ештеме болмайды…. деп елге түсіндіріңдер”. (Дәлме- дәл мәтін осы) деп тапсырма берді партия белсенділеріне.
Біз бұл сөзді де миымызға сиғыза алмадық. Ал ДАРҚАН ҚАЛЕЛТАЕВ ПЕН КЕШЕ ҒАНА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН МИНИСТІР БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ қалай қабылдады екен деп ойладық. “Елге келген милион оралман еңбексіз, еріншек, сұрамшақ қауым. ОЛАРҒА ТҮСІНІКТЕН БАСҚА ештеме татырмау керек” деген тапсырма алдық деп ойлады ма?
Ал, шын мәнінде олар НАҒЫЗ ЕҢБЕКҚОР, ОТАНСҮЙГІШ қауым.
Соңғы уақытта ЕЛБАСЫДАН шетте қиындықта қалған ағайынға ара түсуді Көп болып сұраған щығар. Ал, АҚША СҰРАҒАНЫ туралы ақпарат болмағанына жұрт куә.
Бұл сөздер әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатқаны мәлім.
Біз Тұңғыш президет, Елбасы айтқан жоғарыдағы екі құрмалас сөйлем жайлы, МИЛИОН ОРАЛМАНҒА БЕРІЛГЕН МІНЕЗДЕМЕ жайлы Партия баспа сөз қызметі түсінік береді деген үміттеміз.
. Жаны ашырлық сезіммен.

Алмас Ахметбекұлы,

дерек көз  ФБ парақшасынан алынды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі