/

Тренерлер тәжірибелерімен бөлісті

1367 рет қаралды
1

Алматыда “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Интерньюс-Қазақстан өкілдігінің MediaCamp бағдарламасы аясында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының Маусым айының 29-30-ы күндері “Медиа ақпараттық сауат: тренерлерге арналған тренинг” өткізген болатын. Тренингтен өткен тренерлер өз білімдерін бекіту үшін 90 минуттық үш тренингтен өткізуге міндеттелген еді.

Тренингтен өткен Жансерік Тілеухан, Саясат Қабдрахманов және Ерболат Тұрсынқожа өзгелерден оза шауып, алғашқы тренингтерін өткізіп үлгерді.

Жансерік Тілеухан Алматы облысының Текелі қаласының әкімдігі мен Жастар саясаты басқармасындағы жас мамандарға “Жаңалықтағы фото, видео фейктерді анықтау және таратпау” деген тренинг өткізді.

Саясат Қабдрахманов осы уақыт аралығында екі тренинг өткізіп үлгерді. Біріншісі, Нұр-Сұлтан қаласындағы медиа мамандары үшін “Медиа ақпараттық сауат: сыни ойлау дағдысын қалыптастыру” деп аталса, екінші тренинг “Атамекен бизнес” арнасының журналистеріне арналды. Тақырып: “Медиа этика: Сайтты жүргізу /тақырып қою, материал көшіру/ этикасы” деп аталды. Саясаттың тренинг туралы мына сілтемелерден көре аласыздар: youtube.com/watch?v=2W0CzpMWskE,   https://web.facebook.com/qazaquly/posts/2435280150094615https://qazaquly.kz/?p=3004https://qazaquly.kz/?p=3051.
Ерболат Тұрсынқожа Қызылорда облысы Сырдария ауданының тұрғындары үшін “Әлеуметтік желі және медиа ақпараттық сауат” атты тренингін өткізді. Ерболаттың келесі тренинг Жаңақорған ауданының тұрғындарына арналып, бүгін өтпек. 


“Мінбер” журналистерді қолдау орталығының негізгі миссиясы – журналистер арасында журналистиканың жаңа трендтері жаңа медиа технологияларын кеңінен насихаттау және осыдан туындайтын проблемаларды түсіндіру. Медиа ақпараттық сауат та осы технологиялардың кеңінен таралуынан туындап жатқан медианың өзекті де, толғақты проблемаларының бірі. “Мінбер” соңғы жылдары медиа тренерлерді дайындауда да біршама тәжірибе жинап келеді. “Мінбер” дайындаған медиа тренерлер әртүрлі салада өз тәжірибелерімен бөлісіп жүр. Ал мына тренингтен кейін жаңа медиа тренерлердің шоғырын қалыптастырады деп сенеміз. 

“Мінбер-ақпарат”

 
Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар